Мақтаарал: Ардагерлер кеңесі елге үндеу жариялады

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ардагерлер кеңесі  үндеу  жариялады. Бұл үндеу облыс халқына,  кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге де арналған.

Түркістандық депутаттар Мақтааралға көмек ретінде азық-түлік жөнелтті

Түркістан облыстық мәслихатының және барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 18 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті.

Сарыағаштықтар Мақтаралдықтарға көмек жіберді

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да алғашқылардың бірі боп жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті. Оның ішінде азық-түлік, ет, су, күріш,ұн, картоп, пияз, май,қанттан бөлек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар, балаларға қажетті канцелярлық тауарлар да бар.

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры Мақтааралға 20 тонна азық-түлік жеткізді

Бұл игі іс "Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз!" акциясы аясында атқарылды. Аталған қайырымдылық көшін қор мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің өзі бастап келіпті.

Түркістан: Су тасқынынан келген шығын толық өтеледі

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия тасқыннан келген шығын көлемін есептеуде. Билік басшылары тасқын су орын алған ауылдардың халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тасқын су астында қалған ауылдардың тұрғындарымен жүздесті. Қауіпсіз аумаққа көшірілген халыққа Үкімет тарапынан нақты көмек көрсетілетінін атап көрсетті.

Түркістан: Барлық қажетті техникалар Мақтааралға жұмылдырылуда

Ағымдағы жылдың 1  мамырында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жұмыстарына 30 автобус жұмылдырылды.