Түркістан облысындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Мақтааралдағы су басқан елді мекендерде малдың 85 пайызы құтқарылған

Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде малдың 85 пайызы құтқарылған. Бұл туралы Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов брифинг барысында мәлімдеді.

Эвакуациялық орындардағы тұрғындардың елге деген алғысы шексіз

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан бұған дейін қауіпсіз аймаққа 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған болатын. Дәл қазіргі уақытта 24 эвакуация орындарынан су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне кері қайтарыла бастады.

Түркістан: Мақтааралдағы төтенше жағдайға қатысты әлеуметтік желіде тараған видео шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желіде «Ешқандай шығын жоқ» Мақтаарал ауданындағы ТЖ байланысты Шөкеев мәлімдеме жасады» атты жазба жариялануда. Бұл ретте Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Өмірзақ Естайұлының Мақтаарал ауданындағы су тасқынына қатысты халыққа бейнеролик арқылы мәлімдеме жасаған болатын. Әлеуметтік желіде кеңінен жарияланған бұл мәлімдемеде облыс басшысы «Шығын жоқ» деген сөзді «адам шығыны жоқ» деген бағытта айтқан болатын.

Түркістан: 5 елдімекенде қауіп сейілді

Мақтаарал ауданының 10 елдімекені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елдімекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды.