Түркістан: Карантин кезіндегі құрылыс қарқыны Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында

Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс нысандары бекітілген мерзімінде аяқталады. Қаланы абаттандыру жұмыстары да кестеге сай жүріп жатыр. Бұл туралы шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыстың карантиндік режимге сай жүруін бақылап шыққан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты мәлімдеді.

Түркістан облысында 42 мың 500 теңге төлемді 390 мыңға жуық азамат алды

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға арналған әлеуметтік 42500 теңге төлемді Түркістан облысында 386 239 азамат алып үлгерді. Жалпы бүгінгі таңда 522 096 тұрғынның өтініші тіркеліп, 434 598 азаматқа төлем тағайындалып отыр.

Түркістан: Әлеуметтік көмек алатындардың қатары жаңа санатпен толықты

Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде ҚР Үкіметі тарапынан халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету үшін арнайы заң жобасы қабылданды. Аса мұқтаж азаматтар қатарына көп балалы отбасылар, жұмыссыздар, мүгедектер, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар кіреді.

Шымкент: Шаһарда санитарлық-тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіледі

Шымкент қаласында 13,8 млн. шаршы метр, яғни 1 мың 500-ге жуық көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл карантин кезінде коронавирустың таралмауына тосқауыл болуы үшін жасалып отырған алдыналу шарасы. Санитарлық талаптың үдесінен шығу үшін мамандар күніне үш мезгіл тынымсыз тірлік атқарып жүр. Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жауаптылары айтып отыр. 

Шымкент: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді

Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрліктерінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы" Бірлескен бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді. 

Шымкент: Әлеуметтік төлемдерге қатысты онлайн-брифинг өтті

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу, карантин уақытында тұрғын үйге онлайн құжат рәсімдеу, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек пен 42 500 теңге әлеуметтік көмек алу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек карантинге байланысты халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін берілетін 15 мың теңгеге қатысты қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. 

Шымкент: «Call орталық» 10 күнде 13 253 қоңырауға жауап берді

Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8 707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы 10 күнде тұрғындар қойған 13 253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді.