Шымкенттке биыл 300 автобус жеткізіледі

Шаһарға таяуда жаңа автобустар әкелінген болатын. Қазір солардың бірқатары қаланың орталық көшелерімен, біразы шеткері орналасқан елді мекендерге қатынап жүр. Әйткенмен жауаптылар жаңа автобустардың легі мұнымен тоқтамайтынын айтады. 

Шымкент: Құбырларды тоттан сақтайтын бірегей технология пилоттық режимде енгізілмек

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек пен «Қуатжылуорталық-3» МКМ жетекшілері «Mitsui & Co.Moscow» компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда компания өкілдері тот басуға қарсы «NMRPipetector» бірегей электролитикалық құрылғысын таныстырды. 

Шымкент: санитарлық қорғау аймағына салынған үйлер сүрілуі мүмкін

Шымкенттегі ел арасында «Военторг» аталып кеткен ауданның кейбір үйлері сүрілуі мүмкін. Бұл туралы ақпарды естігелі осындағы тұрғындардың дегбірі қашып отыр. Белгілі болғанындай, бұл үйлер мемлекет мұқтаждығы үшін емес, кезінде су құбыры желісінің үстіне салынғандығы себеп болыпты.

Шымкентте ең төменгі күнкөріс деңгейі — 24 441 теңге

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Шымкент қаласы үшін халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 24441 теңгені құрады. Соның ішінде азық-түлік жинағы 13443 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 10998 теңгені құрап отыр.

Шымкенттегі үйлерде өзін-өзі басқару жүйесі ендірілмек

Шымкент шаһарындағы жаңадан салынып жатқан, жалға берілетін көпқабатты үйлерді жаңа кәсіпорын өз бақылауына алмақ. Бұл туралы қала әкімдігінің халықтық кеңсесінде өткен семинарда «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС директоры Әбдімәлік Балбаев мәлімдеді.