Сәрсенбі, 01 Мамыр 2024 16:34

ШЫМКЕНТТКЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕАТРЛАРЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН КЕЛЕДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, ономастика және мұрағаттар басқармасының 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмысы туралы» баспасөз конференциясында мәлім болды. 

Басқарма басшысы Бауыржан Орынтаевтың сөзінше, биыл еліміздегі бірқатар белді театрлар мен Өзбекстан Республикасының театрлары Шымкент қаласына гастрольдік сапармен келеді.

Атап айтқанда;

5 мамыр Алматы қаласының JOL театры;

11-14 мамыр Ақмола облыстық орыс драма театры;

13-18 мамыр Өзбекстан Республикасының Ферғана, Андижон облыстық қуыршақ театрлары;

15-16 мамыр Шығыс Қазақстан облыстық драма театры;

18 мамыр Өзбекстан Республикасының Сырдария облыстық музыкалық драма театры гастрольдік сапармен Шымкент қаласына келеді деп күтілуде.

Жиында Шымкент қаласында соңғы 4-5 жылдың көлемінде ақындар айтысы өткізілмегені де айтылды. Осыған орай, биылғы жылы қаламызда Республикалық ақындар айтысын өткізуді жоспарлануда.

Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берілген сұқбатына сәйкес, атаулы даталар бойынша бірқатар іс-шараларды кең көлемде атап өту жоспарға енгізілді. Атап айтқанда: Жошы ұлысы іргесінің қаланғанына 800 жыл, қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы, жазушы Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, әйгілі ғалым Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы аталып өтілсе, сонымен қатар халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың және Қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жыл соңына дейін ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Одан бөлек, белгілі ақын, мәдениет саласының ардагері Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдық мерейтойын атап өту жоспарлануда.

Оқылды 218 рет