Түркістан облысы: Арыс қаласында жергілікті басқару жүйесі жүзеге асып жатыр

Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласын жөндеу жұмыстары басталды. Осы орайда беріліп жатқан көмектің ашық, уақтылы жеткізілуін қадағалау және елмен тығыз қарым-қатынас жасау үшін жергілікті тұрғындар арасынан бір белсендіден штаб жұмысына тартылуда. Яғниәрбір 10 үйге жергілікті бір белсенді тұрғын тағайындалып, жұмыстардың үйлестірілуін және көмектің жетуін бақылайды. Өздері де ерікті ретінде жұмыс істейді. 

Түркістан облысы: Арыстағы үйі жарамсыз болып қалған тұрғындарға 800 орындық уақытша лагерь дайындалды

Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті. Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев соңғы мәліметтерді жариялады. 

Түркістан облысы: Созақтықтар Арыс қаласындағы төтенше оқиғаның салдарын жою жұмыстарын бастап кетті

Бүгінде Арыс қаласындағы төтенше оқиғаның салдарын жою, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмысқа созақтықтар да белсене кірісіп кетті. Бекітілген 6-сектор бойынша 254 үйге акт жасалынып, жөндеу жұмыстары басталды. 

Түркістан облысы: Жетісайда халықтық кеңсе ашылды

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің жанынан халықтық кеңсе ашылды. Бұл бастама ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі «2019-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында іске асып отыр. Салтанатты шараға Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генералы Қайрат Дәлбеков қатысты.

Түркістан: Сарыағаш ауданында 10488 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

Сарыағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашева БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында орталық директоры мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тоқтатылмағандығын және ауданның халықты жұмыспен қамту орталығында 2019 жылдың сәуір-маусым айларында өтініш берген 16171 отбасының учаскелік комиссия қорытындысымен 10488 мұқтаж отбасыға қаржы тағайындалғанын айтты.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданында 31 ішкі көше ортажөндеуден өтетін болады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 272 млн. 40 мың теңге бағытталып отыр. Сондай-ақ, биыл 16 ішкі көшені ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары басталған.

Түркістан: Келес ауданында зиянкестермен күрес жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысы Келес ауданында Марокко шегірткесіне қарсы дәрілеу шарасы қарқынды жүргізіліп жатыр. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РММ-нің 2018 жылдың күз айларында жүргізген анықтау зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шегіртке зиянкестерінің тұқым қойған аумағының көлемі 2019 жылы Келес ауданы бойынша 36 675 га өңдеуге жоспарланған.