Түркістан облысында 54 мың адам жұмыспен қамтылған

Түркістан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан.  Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді. 

Отырарда «Қыс-2018» оқу-жаттығу жиыны өтті

Отырар ауданындаазаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштері мен құралдаын даярлау мақсатында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Онда қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты тиісті мекемелердің дайындықтары жан-жақты пысықталды. 

Түркістан облысы: Жетісайдың кіреберісі көріктене түспек

Жетісай ауданына кіреберіс саналатын Ш. Ділдабеков ауыл округіне қарасты Сырабат елдімекенін кесіп өтетін көше бойына темір шарбақтар орнатыла бастады. Сондай-ақ, ондағы бұрылыстың екі жақ бетін қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, Асықата кентінің шыға берісіндегі үлкен мазарат маңы жасыл шарбақтармен қоршалуда. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен арнайы танысып, тиісті сала басшыларына қосымша нақты тапсырмалар берді. 

Павлодар және БҚО Түркістанға тарихи-киелі орындардың орталығын салып береді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Түркістан қаласына алғашқы болып Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді.

Келесі жылы Түркістан облысындағы кәсіпорындарда жалақы көбейетін болды

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облысындағы 88 кәсіпорында айлық жалақы көтеріліп, ең төменгі жалақы көбейеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Түркістан қаласын дамыту барысы» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Түркістан облысы: Шәуілдірде 1000 адам сиятын мешіт ашылды

Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде мың адамға лайықталған жаңа мешіт ашылды. «Есен ана» атауы берілген исі мұсылман баласының ортақ рухани орнын салтанатты түрде ашып, ел игілігіне беруге Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысып, лентасын қиды.

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 64 отбасы баспаналы болды

Қазығұрт ауданында баспана кезегінде тұрған 64 отбасы қоныс тойын тойлады. «Болашақ» шағынауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін алғандардың басым бөлігі – аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балалар.