Шымкентте жастарға арналған «PRодвигай себя» тренингі өтті

Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының ұйымдаструымен өзін-өзі дамыту, өзіндік маркетинг және өзін таныту стратегиялары бойынша «PRодвигай себя» тренингі өтті. Тренингке «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты.

Шымкент қаласының тұрғындарына «7-20-25» бағдарламасының шарттары түсіндірілді

Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандарының өкілдері және бірнеше банк өкілдері Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасының шарттары жан-жақты түсіндірілді.

Алматыдан басталған «Ынтымақ шеруі» Шымкентке жетті

Шымкент қаласына Алматыдан делегация келді. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай бастаған делегация «Ынтымақ шеруі» жобасы аясында шымкенттік әріптестерімен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуды көздейді.

Түркістан облысы: Келесте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Осы аптаның сейсенбісінде Келес ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламары бөлімінің ұйымдастыруымен «Еңбек» нәтижелі халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында пробация есебінде тұрған және жалпы жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 

Түркістандық кәсіпкерлер Елбасы жолдауын қолдап, жұмысшылардың жалақысын көтереді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны көтеру туралы тапсырма берген болатын. Осыған мәселеге орай ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен халық табысын өсіру және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру тұрғысынан Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша селекторлық кеңес өтті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтын сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы түлкібастықтармен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев ағымдағы жылғы 24-қазанда «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалында тұрғындарды жеке қабылдады.

Түркістан облысы: Сызған ауыл округінің әлеуеті артып келеді

Түркістан облысындағы Созақ ауданында ауылдық округтердің қазына қоржынын қомақтыландыруда қосып отырған үлесі аз емес. Шаруа қожалықтары да, кәсіпкерлер де атсалысуда. Ауданға қарасты Сызған ауылдық әкімдігінде Қозмолдақ, Сызған, Басбұлақ, Қайнар деген елді мекен бар.