Жұма, 12 Шілде 2019 22:10

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті

Бүгін алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті. Халық қалаулары күн тәртібіндегі 3 мәселені қарап, бірауыздан бекітті.Депутаттар бірінші кезекте Түркістан облыстық мәслихатының  2018 жылғы 12 желтоқсандағы  «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені алға тартты.

«Шешім жобасындағы бірінші қосымшасында. Екінші шығындар бөлімінде облыс әкімінің аппараты бойынша 120-113 жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражаттар бюджеттік бағдарламасы 120 млн. теңгеге қысқартылсын. Облыстық қаржы және мемлекеттік әдістар басқармасы бойынша 751-12 облыстық жергілікті атқару органының резервінің бюдежттік бағдарламасы 120 млн. теңгеге ұлғайтылсын. Шешім жобасына аталған өзгерістерді енгізіп, қабылдауды ұсынамын» - деді Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Шәріпбек Жамалбекұлы.

Күн тәртібіндегі кезекті  мәселелер - Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдар мен  БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын құру болды. Аталған мәселелерді халық қалаулылары бекітіп, тиісті шешім қабылдайтын болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 543 рет