Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 20:59

Арыста «Біріңғай қызмет көрсету орталығы» ашылды

Арыстықтарға көмек көрсетуге кәсіподақ өкілдері де белсене атсалысуда. Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығының» ұйымдастыруымен «Бірыңғай қызмет көрсету орталығы» іске қосылды. Онда жапа шеккен тұрғындарға психологиялық, заңгерлік көмектер көрсетілетін болады.

Аталмыш орталықтың мақсаты жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсету. Онда кәсіби заңгерлер мен  еріктілер жұмыс істейді. Медиаторлар тұрғындардың даулы істерін сотқа жетпей тындырса, ал заңгерлер халыққа құқықтық қызметтер көрсететін болады. Сондай-ақ еріктілер елді аралап, тұрғындардың қандай қызметтерге мұқтаж екендігімен танысады. «Халыққа моральдық тұрғыдан көмек көрсету мақсатында медиация орталықтарымен бірге ситуациялық орталық аштық. Онда негізгі мақсат- арыстық тұрғындарға бірінші заң, екінші психологиялық көмек сонымен, қатар әлеуметтік желілерде арандатушылық әрекеттер көрініс табуда. Овсы мәселелерді болдщырмау мақсатында ұйымдастырып жатырмыз» - дейді Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша "Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов.

 Орталықтың алғашқы жұмыс күні бірнеше азамат түрлі қызметтер алып үлгерді. Алдағы уақытта бұл орталықта барлық тұрғындардың өтініші қаралып, кәсіби мамандар жұмыс істейтін болады. Осындай игі іс  жасап жатқан кәсіподақ өкілдеріне арыстықтар  алғыстарын білдірді. Бүгінде тұрғындардың қалыпты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 615 рет