Сәрсенбі, 17 Шілде 2019 21:27

Түркістан: халықаралық әуежай келесі жылы пайдалануға беріледі

Түркістандағы Халықаралық әуежай 2020 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал оған баратын жол биылғы жылдың соңында пайдалануға берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясында айтып өтті.

«Түркістандағы әкімшілік іскерлік орталықта 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жылдың қорытындысымен 7 нысан пайдалануға беріледі. Ал «Рухани мәдени» орталықта 11 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жылдың қорытындысымен 4 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз» - деді облыс әкімі. Қазіргі кезде Түркістан қаласын инфрақұрылыммен қамту қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар екі ауысымда жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша 7 елді мекеннің әлеуметтік экономкалық жағдайдын жақсарту мақсатында 89 жобаға 4 млрд теңге бөлінгендігін жеткізді. "»Күз айларында аудан орталықтары мен бағдарламаға енген елді мекендер жаңарып қайта түлеуі керек», - деді облыс әкімі. Сессияда облыс әкімі Арыс қаласындағы жұмыстарға да кең көлемде тоқталып өтті. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 698 рет