Жұма, 19 Шілде 2019 16:44

Түркістан облысы – «Туған жер» жобасы бойынша үздіктер қатарында

Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша елімізде көшбасшылардың бірі саналады. Бүгінде облыстың түкпір-түкпірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында  әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары мен өзге де пайдалы ғимараттар салынып жатыр. Биылдың өзінде облыста сәуір айынан бері демеушілер есебінен 19 нысан ел игілігіне тапсырылды.

Сонымен бірге 12 нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа кейіпке енді. Мәселен, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында балалар ойын алаңшасы салынса, Қызылкөлдің мәдениет клубына сахна орнатылған. Сондай-ақ осы ауданда ат ойындарына арналған атшабар ашылған.Бәйдібек ауданында құны 4 млн. теңгеге жуық «Жастар аллеясы» бой көтерсе, Түркістан қаласында «Ертегілер әлемі» атты үлкен балабақша салынды. Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілген.

Өңірде «Туған жер» жобасының бір тармағы ретінде «Алтын ұям» жобасы да жүзеге асып жатыр. Жобаның мақсаты – мектеп түлектерінің 10, 20, 30 жылдық мерейтойларын қайырымды іспен өрнектеу. Яғни, түлектер орынсыз салтанат пен өзге де іс-шаралардан бас тартып, өзі туып-өскен ауылға немесе білім алған мектебіне демеушілік жасайды. «Туған жер» жобасы бойынша 2017 жылы құны 6 млрд. теңгеден астам қаражатқа 473 жоба жүзеге асырылған. Ал 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 3 млрд. 386 млн. теңгені құрайтын 97 нысан іске қосылған болатын. Аяқталған 97 нысанның – 28 білім мекемелерінің құрылысы және 3-і  қайта жөндеу, 2-еуі медицина мекемесі құрылысы, 12-сі спорт нысандарының жаңа құрылысы және 2-еуі спорт алаңынқайта жөндеу. Сонымен бірге 15мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, 5 нысан қайта жөндеуден өткен.  Абаттандыру бойынша  30 жоба іске асырылды.

 «AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 784 рет