Бейсенбі, 08 Тамыз 2019 21:41

Арыс қаласын қалпына келтіруде созақтықтардың да үлесі зор

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қаладағы алтыншы секторға бекітілген Қызылорда облысы мен Созақ ауданы өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін жақсы сезінеді. Тұрғын үйлерді жөндеу барысында әрбір тұрғындардың талап-тілегін ескеріпті.

Арыс қаласының тұрғыны Бауыржан Бекзатаевтың үйі саманнан салынған. Төтенше жағдай орын алған уақытта үйіне айтарлықтай зақым келген. Баспанаға күрделі жөндеу жұмысы қажет ететіндігін арнайы комиссия қорытындысы да нақтылап берген. Тұрғын үйлерді жөндеу барысында әрбір тұрғынның талап-тілегін ескерген жұмысшы топ, әлі де үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатпаған.

Үй иесі де мердігер компанияның қасында жүріп, құрылыс жұмыстарының бірге жүргізуге ниетті. Ал, КөшеноваРахиманың үйінің қабырғасына ешқандай зақым келмепті. Тек, дүмпудің салдарынан үйдің шатыры ұшқан. Бүгінде, баспананың шатыры профнастильмен жабылып, сыртқы қасбеті де ретке келген. Осы жұмыстың бас-қасында жүрген барлық азаматтарға Рахима апаның айтар алғысы шексіз. 

Айта кетейік, 6 секторға қарасты 268 тұрғын үй бар. Бүгінде 182 үй толық қалыпқа келіп, тұрғындардың пайдалануына берілген. Қалған 80 үй тамыз айының 20-сына дейін аяқталуы тиіс.Ал, жарамсыз деп танылған екі үйдің біріне баспана сатып алынса, енді біріне жаңа үй салынатын болады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 524 рет