Жұма, 09 Тамыз 2019 20:04

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Төлеби ауданының тұрғындaрымен кездесті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағамдап, кәсіпкерлердің мұң-мұқтажына құлақ түрді.

Әли Әбдікерімұлы бастаған жұмыс тобы алдымен «Қазығұрт бақтары» ЖШС-де болды. Ісі өрге домалаған кәсіпкердің тірлігіне жоғары баға берді. Ал, алқалы мәжілісте сенатор Әли Бектаев еліміздің кейбір заңнамаларына түсіндірме жасады. Өз кезегінде ауданның халық қалаулылары ауылшаруашылық саласына қатысты заңға өзгерту енгізуге ықпал етуін сұрады.

 «Қазір ауыл-аймақтың ажарына кәсіпкерлерге берілген шағын және орта несие мен дихандарға үлестірілетін субсидия арқылы әр кірген. Сондықтан үкімет ауыл азаматтарын қолдауды тоқтатпақ емес» - дейді Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Төлтебаев .Жиынды қорытқан сенатор Әли Бектаев елімізде қолға алынған әлеуметтік бастамаларды тізбектеп берді. Тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін көмек толастамайтынын жеткізді. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама шеңберінде халықты баспанамен қамту ісі де қарқын алмақ.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 605 рет