Сейсенбі, 12 Қараша 2019 01:50

Түркістан: Жетісай қаласында жұмыссыздықпен күрес күшейген

Түркістан облысы, Жетісай қаласында өткен 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны артқан. Жетісай қаласында 2019 жылы инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту ісі бойынша 152 нысанға жергілікті жұмыссыздар тартылған болса, 2 азаматқа жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 15,8 млн теңге несие берілген.

Мұнан бөлек жастар практикасымен жұмысқа жолданған 49жас маманның 34-і, әлеуметтік жұмыс орынына жіберілген 88 адамның 42-сі тұрақты жұмыспен қамтылып, 61 қала тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылған. Бұл жөнінде Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев аудан әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сонымен қатар, қала аумағында құрылысы жүріп жатқан 5 ірі нысандарда нәпақы тауып жүрген құрылысшылардың да басым бөлігі жетісайлықтар көрінеді.

«Бүгінде қала бойынша 2004 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп жұмыс істеп жатыр. Олардың 1953-і жеке кәсіпкерлер болса, 1 шаруа қожалығы мен 50 заңды тұлғалар бар. Ашылған әрбір нысанда кәсіпкерлер жергілікті тұрғындар тұрақты жұмысқа орналастырып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге оң ықпал етіп отыр»,- дейді шаһар басшысы Тұрышбек Елшібаев. Айта кетейік, 50 жылдық тарихы бар қалаға жыл басынан бері 1 млрд 528 млн 357 мың теңге инвестиция тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 512 рет