«Senim. Dialog. Bolashaqqa nyq qadam». «Nur Otan» партиясының 7 серпіні». Бұл бағдарлама алдағы уақытта халық мүддесі үшін жүйелі жұмыстар атқаратын болады. Осы бағыттқа ұйым мүшелері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының тың мәселелері жайын баяндады. Жиынға қатысқан шаһар басшысы қоғамда белең алған жемқорлықты жою мәселесі мен қатар, үй кезегінде тұрған азаматтардың заң жүзінде сауатсыздығы жайын тілге тиек етті. «Біреуі жазады мен 600 орындамын. Сіз 600 пәтер бердіңіз ғой. Неге маған бермейсіз? деп. Ана заңды алып оқымайды. Сұрамайды. «Неге бермейсіз, ақша сұрап жатырсыз ба?»деп жазады. Мұның жауабы біреу-ақ. Заңда нақты көрсетілген. Кезекте 20 пайыз жетім балалар болса, бірінші соларға бер деп» - дейді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.
Сондай-ақ, мектеп директорларының назарына: 1 -ші желтоқсаннан бастап, баланы мектепке беру, қайта шығарып алу және дипломы бар білікті маманды жұмысқа орналастыру автоматтандырылатын болады. Енді бәрі электронды болса, білім ошағындағы жемқорлық әрекетті жоямыз дейді шаһар басшысы. «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихатында 17 депутат бар. Саяси ұйымға жалпы 8233 азамат мүше болса, бүгінде оның 700-ге жуығы партия құрамынан шығарылған.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»