Сенбі, 23 Қараша 2019 15:46

Түркістан облысы: Келес ауданында облыстық Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдайды

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев 2019 жылғы 19 желтоқсан күні сағат 15.00-де Келес ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді. Бұл туралы Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі хабарлады. 

Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді. Қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 3-09-20 сымтетік арқылы алдын ала жазылуға болады. Аталмыш маманға аудандағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты барлық мәселе жөнінде айтуға болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 415 рет