Сейсенбі, 26 Қараша 2019 17:57

Түркістанда қайықпен серуен құруға болады

Болашақта Түркістандағы кесене маңында қайықпен жүріп серуендеуіңіз мүмкін. Бұл қаланың бас жоспарында көрсетілген. Көне шаһардың басты құжаты бекітілсе, рухани ордамыз адам танымастай кейіпке енетін болады. Халықаралық қала деңгейіне жетуді мақсат тұтып отырған шаһар басшысы Рашид Аюпов туристер үшін де тартымды жобаларды қолға алмақ. Осы және өзге де жоспарлар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және әлеуметтік желі белсенділерімен болған жиында талқыға түсті. 

Бүгінде Түркістан қаласы тұрғындарының саны 170 мың. Таяу арадағы 5 жылда бұл көрсеткіш 2 есеге дейін ұлғайып, халық саны 350 мыңға жетеді,- деп жоспарланып отыр. «Қосымша 3000га жер бізге кіріп жатыр. Ол жерге аэропорт кіреді. Шойтөбе кіріп жатыр. Оған арнап жоспарымыз бар. Оны бекітіп алдық» - дейді Рашид Аюпов.

Халықаралық қала мәртебесіне лайық болу үшін қала қауіпсіз болуы тиіс. Бүгінде Түркістан көшелеріне 578 бақылау бейнекамерасы орнатылды. Енді тәртіп бұзғандар тез арада анықталып, тиісті шара қолданылады. Бақылау камераларын қою және қауіпсіздік шараларын күшейту тұрғындардың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды. 

«2050 жылы Түркістан қаласы 3 қалаға ұқсау керек дедік. 1-сі – Стамбул. 2-сі – Иерусалим, 3-сі – Рим. Осы үш қаланың біреуіне теңестіруіміз керек» - дейді қала әкімі

Түркістанда туристерді таңқалдыратын тың жобаларды қолға алу қарастырылған. Шахар басшысы Рашид Аюпов алдағы уақытта Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі маңында ерекше жоба жүзеге асатынын айтады. «АмериканыңС:О:Мкомпаниясыменкелісімгекеліпотырмыз. АлдағыуақыттаКесенемаңындақайықпенжүруіңізмүмкін» - дейдіол

ЖиындаБАҚөкілдеріменәлеуметтікжелініңбелсенділеріөздерінтолғандырғансұрақтарғажауапалды. Сонымен қатар қала басшылығы жүргізіп отырған жұмыстарға көңілдері толатынын жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 560 рет