Сейсенбі, 05 Маусым 2018 19:37

Шымкент қаласының әкімдігі байқау жариялады

Шымкент қаласының әкімдігі шаһар тұрғындары мен қонақтарын Елбасының Шымкентті үшінші миллион тұрғыны бар мегаполис деп жариялауына орай ерекше шығармашылық байқауға қатысуға шақырып отыр. 

Онда «Сүйікті қаламызды жаңа мәртебе алуымен құттықтаңыз. Жанрға ешқандай шектеу жоқ: проза түріндегі құттықтау сөз, өлең арнау, мүмкін ән шығарарсыз... Байқауды тек проза мен поэзия деп бөле-жармауды шештік. Мүмкін, кейбірінің сөзбен емес, қылқаламмен жасайтын тамаша өнері бар болар. Сондықтан баршаңызды "ШЫМКЕНТ – миллионды қала" деп аталатын байқауымызға қатысуға шақырамыз.

Өзіңіздің ойыңыздағы миллионды қаланы қағазға түсіріңіз. Мейлі, фотоаппаратпен түсірілген, мейлі қалам не қарындашпен салынған суреттер. Ең бастысы, шығармашылық жұмыста Шымқаланың шырайы, Оңтүстіктің пейілі көрініп тұрса болғаны» делінген.

Бұл ретте ескерте кетер жайт, байқау аясындағы барлық жұмыстарды қала әкімдігінің whatsapp нөміріне жолдауға болады. Ол – 87778858513. Үздіктерге естелік сыйлықтар ұсынылады. Бұдан бөлек қалалық баспа беттерінде, әлеуметтік желі мен баннерлерде жарияланады. Ал әндерді телеарна эфирлерінен тамашалай аламыз. Шығармашылық жұмыстар 8 маусым күнгі сағат 19:00-ге дейін қабылданбақшы.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1546 рет