Отырар ауданы: көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңес төрағасы Жалғасбай Көлбайдың жетекшілік етуімен аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов, ауыл округінің әкімдері мен су мұраптары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиынның күн тәртібіне көктемгі дала жұмыстарының барысы және 2024 жылы егістіктерді қажетті ағын сумен қамтамасыз етудің жай-күйі жөніндегі мәселелер енгізіліп, қызу талқыланды.

Отырар ауданы: шаруаларға мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді

Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдауларды насихаттау және кеңінен түсіндіру үшін арнайы жұмысшы топ құрылған. Осы мақсатта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған топ бүгін ауданға арнайы сапармен келіп, шаруалармен кездесті.

Отырар ауданы: қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастамасымен Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Е.Касымбеков және «Отырар ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Сартаев тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау аясында Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қоғамдық бақылау жүргізілді.

Отырар ауданы: қадамдық жоспар аясында «қызмет алушылар күні» өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары аясында Қызмет алушылар күні облыс көлемінде ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Отырарда қаламгер Сағындық Қыдырұлының «Алдым – сағым, артым - сағыныш» кітабының тұсаукесері өтті

Отырар ауданының құрметті азаматы, саналы ғұмырын туған жерінің тарихы мен этнографиясын зерттеуге арнаған қаламгер Сағындық Қыдырұлының «Алдым – сағым, артым - сағыныш» кітабының тұсаукесері өтті. Отырардың отты перзенттерінің бірі Сағындық ағамыздың бұл үшінші кітабы еді.

Отырар ауданы: «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолының құрылысы жалғасуда

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралады. Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолын қайта құру құрылысымен танысып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.

Отырар ауданы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ шалғай ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті

Отырар ауданы Шәуілдір және Көкмардан ауыл тұрғындарына кеңес беру науқанында мобильді топ мүшелері тұрғын үй алудың тәртібі, тұрғын үйді жекешелендіру, зейнеткерлікке шығу, жұмысқа орналасу, алимент өндіру, егін алқаптарына су тарту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүйелендіру және ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие алудың тәртібі туралы құқықтық кеңестер берді.

Отырар ауданында түйе және жылыжай шаруашылығы дамып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарында «Отырар Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 2009 жылы құрылған кәсіпорында түйе сүті өңделіп, шұбат шығарылады.

Шымкент: радиофармацевтикалық препараттар әуе арқылы тасымалданады

Қала әкімдігінің Шымкент қаласының Әуежай басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде бұдан былай радиофармацевтикалық препараттар (РФП) тік ұшақтар арқылы жеткізілетін болды. Бұл ең алдымен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтап, емдеу шараларының тиімділігін арттырады.

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы жанынан 2022 жылы «MIG QAZAQSTAN» ядролық медицина орталығы ашылған болатын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске қосылған орталық заманауи технологиялық аппараттардың көмегімен қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға, науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Орталық дәрігерлері радиофармпрепаратты науқасқа көктамыр ішіне енгізеді, оның дозасы пациенттің дене салмағына, бойына қарай есептеледі. Радиофармпрепарат бүкіл денеге таралғаннан кейін, шамамен бір сағат ішінде пациентке Позитронды – эмиссионды томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) арқылы диагностикалық зерттеу жүргізіледі.