Super User

Super User

Шымкент: Мүгедектігі бар азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды

Шымкент қаласында қазір 13 158 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар 414 құрайды. Бүгінгі ұйымдастырылған жәрмеңкеде мүгедектігі бар жандарға бос жұмыс орындары ұсынылды.

Шымкент: Әуе шабуылынан қорғаныс бригадасына жас сарбаздар келді

Көктемгі шақыру науқаны жоспарына сәйкес Шымкент қаласының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына әскери қызмет өткеру үшін 30 әскерге шақырылушы келді.Саптық алаңда әскерге шақырылушыларды бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Дәулетбек Қоғабаев қарсы алды. Ол жас жауынгерлерді армиядағы алғашқы күнімен құттықтап, кіші командирлердің басшылығымен алдағы 12 айда олар әскери істі игеріп, ата-аналары мақтанышы болатынын атап өтті.

Оңтүстік ұландықтар Шымкентте атыс шеберлігін көрсетті

Шымкентте 6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығының базасында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қарудан ату бойынша жеке-командалық біріншілігі өтті.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы подполковник Салауат Төреғалиевтің басшылығымен өткен жарысқа Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Талдықорған қалаларынан Ұлттық ұланның 50-ден астам әскери қызметшісі қатысты. Сондай-ақ, сайыста атыс қаруын ату дағдыларын әйел әскери қызметшілер де көрсетті.

Шымкенттік оқушы ХХ Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Азия ойындары – Гонконгте өткен батутта секіруден жасөсіпірімдер арасында Жақсылық Әбілмансұр қатысты. Қаршадай ғана қазақ баласы сен тұр, мен атайын деген елдердің спортшыларымен бақ сынасты. Жай ғана сынасқан жоқ, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарынан көрінді. Турнирге қатысушылар: Қытай, Жапония, Өзбекстан және 10 мемлекеттен өздерінің кіл мықты спортшылары қатысты. Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды. 

Осы RSS каналға жазылу