Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қаратау ауданында “Жасыл аймақ” апталығы қарқынды өтіп, бүгін сенбілікке жалғасты. Аудан әкімі қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысқан сенбілікте 30 көп қабатты үйдің ауласында шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары атқарылды. Одан бөлек, 3,3 шақырым ирригациялық арық жүйесі, 9,7 шақырым жол жиектері тазартылды.

-Туған қалаңның, оның көшелері мен гүлзарларының ұқыпты, таза болуы біздің әрқайсымызға байланысты, әрдайым қамқорлық танытуымыз қажет. Мұны ешқашан ұмытпауымыз керек, - дейді акцияға қатысушылар. Ауласының таза, жасыл желекті болғанына тұрғындар да дән риза.

Сенбілік жұмысына 1000-нан аса тұрғын, 8 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, іс-шараға 200-ден аса адам қатысып, 300 көшет отырғызылды. Мазараттың шөп басқан жерлері тазартылып, маңайындағы бей-берекет қоқыс орындары жойылды. Оған 10 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРАН АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН МАЗАРАТ МАҢЫН ТАЗАЛАНДЫ

Тұран ауданы, Құрсай мөлтекауданының тұрғындары аудан аумағына қарасты мұсылман мазараты маңын күл-қоқыстан тазартып, “Таза Қазақстан” акциясына өз үлестерін қосты.

Тұран ауданы әкімдігі мен дін істері басқармасы ұйымдастыруымен өткен сенбілікте жиналған көпшілік бір кісідей атсалысып, мазарат маңын айнадай етті. 

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелерге санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына ауданның тұрғындары, ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенділер атсалысып, шөптерді орып, ағаштарды қырқу, әктеу мен қатар иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады. 

ШЫМКЕНТ: МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысына әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Сондай-ақ, жиында бірқатар басқарма басшылары атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады.

 

Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын дамыту, Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы мәселе күн тәртібінде қаралды. Мәслихат депутаттары қала басшысының бұл шешіміне қолдау білдірді. Осылайша 1 мамырдан бастап бірнеше тұрғындар санатына қоғамдық көлікпен тегін жүру жеңілдіктері берілетіні айтылды.

Жолаушылар көлігінің сапасы да қала әкімінің жіті бақылауында. Мәслихат отырысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, жоспарлар талқыланды. 

Осы RSS каналға жазылу