Super User

Super User

Шымкент: партия жанындағы бақылау комиссиясы рейдке шықты

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 28-ші наурызынан бастап, кафе, мейрамханалар жұмысын таңғы сағат 10-нан 18-ге дейін жұмыс режиміне көшті. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшелері рейдке шықты.

Шымкент: салықтық жеңілдіктердің кімдерге берілетіні түсіндірілді

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлік салығын төлеуден 2020 жылдың 31-желтоқсанына дейін босатылды. Бұл кірістер комитетінің мемлекеттік қызмет алушыларға ел аумағындағы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты бекіткен жаңа регламенті. Енді қызмет көрсетудің сапасы артып, біршама жеңілдіктер қарастырылып отыр.

Шымкентте дайын құжаттарды беру терезесі қай ХҚКО-да жұмыс істейтінін білгіңіз келсе...

30 наурыздан бастап әр қалада бір ғана ХҚКО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақстандықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева хабарлады. 

Шымкентте карантин режимі енгізілді

Шымкентте бүгін, 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Бас санитардың қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылды. Саябақтарға, қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды, кафелер мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді.

Осы RSS каналға жазылу