Жұма, 16 Тамыз 2024 16:28

Шымкентте сібір жарасына қарсы 130 мыңнан астам адам екпе алды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында аса қауіпті аурулардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті. Онда сібір жарасы бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың қалай қалыптасып жатқаны туралы айтылды.

 

Шымкент қаласында  жыл басынан бері 14 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы  - 1 421 750  вакцинация, 29 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы - 240 105 диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланған. 

 – Жалпы, сібір жарасының адамдарға жұқтырушы көзі  – үй жануарлары (ірі қара мал,  қой, ешкі, түйе, шошқа, жылқы, бұғы). Адамға аурудың жұғу жолы көбіне жанасу арқылы (малды сою мен өңдеу кезінде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішкенде жұғады. Сонымен қатар, ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін.  Биыл жаз өте ыстық болуына орай жайылымда шөп тез құрғағандықтан малдар ластанған топырақтан сібір жарасын жұқтыруы әбден мүмкін. Адамдар ауру малмен, ауру малдың еті және ет өнімімен қатынаста болғанда ауырады. Ауру адамнан адамға жұқпайды,-дейді Айгүл Мелесқызы.

Оның ішінде, жыл басынан бері сібір жарасына қарсы - 131 847 басқа (68%), вакциналау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: 

1. Үй жануарларын сібір жарасына қарсы егу жұмыстарын жүргізу;

2. Ет және ет өнімдерін тек сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу;

3. Ет, ет өнімдерін өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналық нормаларды ұстануға міндетті;

4. Жануарларды күту кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау;

5. Үй малын сою тек қана арнайы орында (мал сою бекеті) ветеринарлық қызмет мамандарының рұқсатымен жүргізу;

6. Ауруға шалдыққан үй жануарларын ветеринариялық дәрігердің бақылауына жүгініп, алдын-ала сақтық шараларын орындау;

7. Ауру малды өз бетінше сойып, оны тағамға тұтынуға тиым салынады; 

8.  Сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдарын СҚА (радиусы 1000 м) сақталуына, яғни тұрғын-үй, шаруа қожалықтар мен басқа да нысандардың құрылысына жол бермеу. 

Бүгінде қала аумағында сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдары жер асты су көздері мен су қорғау аймақтарынан алшақта орналасқан. Сондай-ақ, қала аумағындағы эпизоотиялық ахуал тұрақты.

 

Оқылды 300 рет