Түркістан облысындағы мектептер жылыту маусымына дайын
Түркістан облысындағы білім ұяларында жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық ойдағыдай жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1289 білім беру мекемесінде гидравликалық сығымдау жұмыстары аяқталды. Қатты отынды пайдаланатын 849 білім беру мекемесіне қажетті 131863,5 тонна отын толығымен тасымалданды. Оның ішінде мектепке 109181,4 тонна, балабақшаға 13391,0 тонна қатты отын жеткізілген. 78 білім беру мекемесіне қажетті 3 379,7 млн. литр сұйық отын да тасымалданған.