Түркістан облысында 2 жылда 400-ге жуық нысан пайдалануға беріледі

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл ғимараттардың сәулеті мен сапасы, орындалу мерзімі қатаң бақылауға алынған. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстық құрылыс басқармасының алдағы жоспарлары талқыланған жиын өтті. Облыс әкімі жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне әрбір құрылыс нысанын жіті қадағалап, тиісті жұмыс атқаруды тапсырды.

Кентаудағы жылу энерго орталығының қазақндықтарын жаңарту барысы пысықталды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентаудағы Жылу энерго орталығына барып, құрылыс барысын қадағалады. Құрылыс басында мердігерлердің есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Одан кейін Жылу энерго орталығында жиналыс өткізіліп, атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер, алдағы жоспарлар талқыланды.

Түркістан: биыл Кентауда 50-ге жуық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Қазіргі уақытта қаладағы қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың ұзындығы 81 пайызды құрайды. Жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Түркістан облысы: Парламент мәжілісінің депутаты Сайрам ауданындағы нысандарды аралады

Қараша халықтың талап-тілектерінің шешімін табуға атсалысып жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданына арнайы іссапармен барды. Іссапар барысында алдымен Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовпен бірге «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Түркістан облысы: Шардарада 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде

Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыс жүруде. Шардара ауданында да іс атқарылып жатыр. Таяуда аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласында салынып жатқан 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Түркістан: облысты дамыту бағытында тұрғындардың ұсыныстары ескерілетін болады

Түркістан облысын дамыту бағытында өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріледі. Аудан, қала мәселелерін анықтауға және заңсыздықтарды жоюға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Осы ретте, облыс басшысы Дархан Сатыбалды мен оның орынбасарлары кестеге сәйкес жергілікті тұрғындарды жеке қабылдауда. Бұл жолы тұрғындардың мәселесін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тыңдады.

Түркістан облысында жұмыссыз жастардың санын азайту бағытында жұмыс күшейтіле түсті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мемлекеттік жастар саясатын облыс көлемінде жүзеге асырылуы бойынша аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары басшыларымен мәжіліс өтті. Кездесу барысында биылғы жылдың 6 айда атқарылған және алда атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды

Түркістан: «Жасыл елдің» 1500 жасағы «Таза Қазақстан» акциясына атсалысады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан өңірінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға облыс жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары басшылары мен селектор режимінде аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.