Шымкентте 250 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көліктерде тегін жүреді
Биыл мамыр айынан бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен 14 санаттағы азаматтарға, атап айтқанда I және II топтағы мүгедектерге, 70 жастан асқан зейнеткерлерге, 7 жастан 17 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына қалалық бағыттар бойынша тегін жүру қамтамасыз етілді.