Түркістан: Облыстық клиникалық ауруханада инсульт ауруына қарсы ашық есік күні өтті

Облыстық клиникалық ауруханада инсультке қарсы күрес мақсатында ашық есік күні өтті. Қазіргі таңда инсульт көрсеткіші бойынша жүрек және қатерлі ісік ауруларынан кейінгі кезекте кең тараған ауру түрі саналады. Өкінішке орай миға қаң құйылу дертіне 30 бен 40 жас аралығындағы азаматтар да жиі шалдығуда.

Түркістанда МӘМС жайлы түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі 2020 жылы жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарап, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында «Көк төбе» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды

Бүгін Дербісек ауылдық округінде заман талабына сай «Көк төбе» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды. Нысанның ашылу салтанатына арнайы келген облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Егізбаев жаңа нысанның лентасын қиып, ақ халатты абзал жандардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Түркістан облысы медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын ба?

Алдағы уақытта еліміздегі еңбек ететін әрбір азамат медициналық сақтандыру жүйесіне қаржы аударуға міндеттеледі. Сөйтіп, азаматтар ауырған жағдайда емінің ақшасын өзі қаржыландыратын болады. Бұл денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Осы жүйеге дайындық жұмыстары облыс әкімдігінде пысықталды. 

Түркістан облысы: арыстықтарға МӘМС талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіруді 2020 жылы жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарап, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын.

Түркістан облысы: Мақтааралда ана мен бала денсаулығына арналған жиын өтті

Ана мен нәресте өлімін төмендету мақсатында іске қосылған ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің «Әмбебап прогрессивтік патронаждық модулі» бағдарламасы бойынша сектораралық мекемелер ұйымдасқан түрде жұмыс жүргізуі керек. Аталған бағдарлама бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі тарапынан бұйрық бекітілген.

Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметі 16 жаңа медициналық көлікпен толықты

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заман талабына сай жаңа көліктер берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. 

Түркістан облысы: Медициналық мекемелер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толық дайын

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен шұғыл штаб отырысында Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мәлімдеді. Облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаевтың төрағалық етуімен өткен жиын барысында өңірдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық барысы талқыланды.