Бейсенбі, 29 Тамыз 2024 17:08

Түркістан: индустриалды және экономикалық аймақтарда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері, түрлі салықтық жеңілдіктер ұсынылған

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен өңір басшысы осы бағытты дамыту бойынша бірқатар жобалалармен бөлісті. Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті.

Түркістан облысында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі секілді салаларды дамытуда бірлесе жұмыс жаусауға дайын. Жаңа зауыт, фабрикалардың іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады. Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы үздік 5 елдің қатарына кіреді. Таяуда ғана, облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс дегелациясы ҚХР-ға іссапармен барып, Түркістан облысы мен осы елдің бірқатар провинциясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Алдағы уақытта осы әріптестік негізінде тиісті жұмыстар атқарылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы қалыптастырылған. Түркістан облысында қытайлық компаниялардың қатысуымен өңіраралық кооперацияны дамытудың әлеуеті жоғары. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриялық аймақтар және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы туралы айтып берді. Аталған алаңдар инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады. Түркістан облысы бойынша дайын инфрақұрылымы бар 9 индустриялық аймақ орналасқан. Сонымен қатар 42 шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы жүргізілуде. Биыл 9 шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы аяқталады деп күтілуде.

– Мемлекет басшысының екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын толығымен қолдайтыны белгілі. Озық технология саласында зор табысқа жеткен аспан асты елінің мүмкіндіктерін әлем мойындап отыр. Біз үшін біздің берлескен жобаларымызды дамыту, жаңа жобаларды жүзеге асыру – өте маңызды. Ауыл шаруашылығы саласы Түркістан облысы экономикасының негізгі драйвері болып саналады. Осы саланы дамытуда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Жақында ғана облыс делегациясының ҚХР-ға іс сапары аясында Шэньси, Хубэй, Хэнань провинцияларының губернаторларымен кездесіп, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту мәселелері талқыланып, екі жаққа тиімді жобаларды жүзеге асыруға келістік. Осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын, - деді облыс әкімі.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімі өткен жылы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Түркістан облысының мал шаруашылығы республикада жетекші орын алады. Мал шаруашылығы өнімі республика бойынша 11 пайыздық үлеспен 470 миллиард теңгеге жетті. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық, Ұлы Жібек жолы құрылғаннан бері дамып және өркендеп келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді. Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» жобасының бірлескен бастамашысы және пилоттық аймағы болып табылады және ерекше әрі маңызды орын алады. Түркістан облысы ҚХР-дың өңірлерімен екіжақты өңіраралық қарым қатынасты нығайтуға қарқынды жұмыс жасап жатқаны белгілі.

Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. 

Инвестиция – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестициялық қызмет – пайда табу және басқа тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін инвестициялау және практикалық әрекеттерді орындау.  Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады.

Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат.

Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. \

Шетелдік инвестиция – шетел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаһандандыру жағдайында объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді.

Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға, реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы – шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс,пайда) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Кәісіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек: кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі; меншіктің болуы; тәуекел сипаты; пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.

Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 24 рет