Жұма, 02 Тамыз 2019 18:26

Түркістан облысы: Келес ауданында диқандар судан тапшылық көріп отырған жоқ

Еліміздегі диқаншылықпен аты шыққан аймақтардың бірі – Келес өңірі. Аудан өз алдына бөлініп шыққалы бері бұл кәсіп қайта жандана түскен. Өйткені, диқан үшін ең қажетті нәрсе, су мәселесі оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, ұзақ жылдардан бері қараусыз қалған қашыртқы каналдар да тазаланып, ел қуанышы еселенуде.

Ауданның  қайтадан дербес атануы, көптеген мүмкіндіктерге жол ашуда. Өйткені,  елдімекендер мен егіс алқаптарына  қажетті су молынан келіп,  халық бір жадырап қалды.   Соның  арқасында  көптеген  диқандар   қазірдің өзінде бір алқаптан екінші өнімдерін    алуға әзір. Сондай –ақ, аудан аумағында қазір  ұзақ жылдардан бері қараусыз қалған каналдар мен су қашыртқылары да толықтай тазалануда. Соның арқасында қазір шіліңгір шілденің  қақ ортасы болса да судан тапшылық жоқ.      Мұның бәрі аудан басшылығы мен осы сала азаматтарының ерен еңбегінің нәтижесі екені даусыз.

«Жалпы, бүгінгі таңда аудан бойынша 145 канал мен 147 қашырқы бар.  Олардың бәрін  де кезең кезеңімен  тазарту жоспарланған.   Дәл қазір  Ұшқын  ауыл округіне қарасты 77 шақырымдық қашырқы механикаландырылған әдіспен тазалануда» - дейді «Гидроқұрылыс» ЖШС-нің механигі Айдос Көшеров. Ал, «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК директоры Әбубәкір Сапаров: «Жер асты суының көтерілуінен жер тұзданып кеткен...  қашыртқылар тазаланса ол болмайды. Қазір «Гидроқұрылыс» мекемесі жұмыс атқарып жатыр. «Ұшқын» ауылындағы бұл жұмысқа 4 эксковатор мен 4 бульдозер тартылған.. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде» - дейді.

Сондай –ақ, бүгінге дейін 14 шақырымды құрайтын Араншы-2 каналы да толық тазартудан өтіп, оның да суы ең соңы елдімекендерге дейін молынан жетуде. Ал  алқаптардағыжайқалып тұрған бау-бақшалар соның нәтижесі болса керек. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 802 рет