Сейсенбі, 06 Тамыз 2019 23:46

Отырарлық кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның арқасында тігін шеберханасын ашқан

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Игілікті жоба Отырар ауданында сәтті жүзеге асуда. Өткен жылдың өзінде аталған бағдарлама аясында145 азамат шағын несие алып, кәсібін дөңгелетіп әкетті.

Іскер азаматтардың бірі - «Ағысай» - Шәуілдір халқының қажетіне жараған  тігін шеберханасы. 3 жылдан бері ісін икемдей алмай қиналғандар мемлекеттік бағдарлама арқасында 7 миллион теңге  алып, кәсібін дөңгелетті. Бүгінде шағын цехта жұмыс қызған. «Сұраныс жоғары, жақында 166 азаматқа форма алдық тапсырысқа. Келушілер де көп» - дейді «Ағысай» тігін шеберханасының басшысы Үрләш Тұрғанбай.

 Гүлмира Сансызбаеваның жасы 40-тан асқан. Арнайы білімі жоқ. Жасы отыздан асқандардың жұмысқа орналасуы да қиын, - дейді. Қысқа мерзімді курстан өтуінің арқасында осында келді. Еңбекпен қамтылды.   3 балалы ананың мемлекет қамқорлығына алғысы шексіз. «Бұрын жұмыссыз болғам. Осы арнайы курс оқып, осы жерге орналастым. Айлығым да жақсы. Келіп-кетіп жүрмін. Қуаныштымыз. Елімізге рахмет!» - дейді ол.

Бұл шеберханада Гүлмира сынды 6 келіншек жұмыс істейді. Барлығының жалақылары көңілге қонымды. Тапсырыс молайған кезде айлығы да артады. Дәл осы бағдарлама шеңберінде Отырар ауданының тиісті бөлімі 180 миллион теңгені іс бастаушыларға үлестірді. Тарихи мекенде «Өрлеу» бағдарламасының да аяқалысы жаман емес.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 685 рет