Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемін ұлғайту бойынша жыл басынан бері атқарылған шаралар мен түйінді мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары талқыланды. Кәсіпкерлер тарапынан бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту үшін бақылау-кассалық машиналарын орнату керектігі айтылды. Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау төлем аппараттарын орнату мәселесі қозғалып, электронды сауда бойынша азаматтарды оқыту мен жарнамалау мәселесі қарастырылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік (әрі қарай - ШОК) субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңге сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,4%-ға (141606 бірлік) артқан. ШОК субъектілерінің жалпы санында шаруа немесе фермер қожалықтарының үлесі - 50,2% (71148 бірлік), дара кәсіпкерлер - 44% (62282 бірлік), шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар -5,8%(8176 бірлік).
2019 жылдың қаңтар-маусым айларында ШОК субъектілерінің өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңдерімен салыстырғанда 35,2%-ға (189 517 млн.) артқан. 2019 жылғы 1 шілдедегі көрсеткіш бойынша жұмыспен қамтылғандар саны тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,4% (207706 адам) құраған. Жиын қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік кірістер департаменті және кәсіпкерлер палатасының қатысуымен кәсіпкерлер арасында бақылау-кассалық машиналарын орнату қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігі келісілді.«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдары өздерінің тараптарынан жыл соңына дейiн тиiстi шараларды қабылдайтындарын жеткiздi.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»