Басқосуда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг барысы мен баға өсімін алдын алуға қарсы бағытталған шараларды іске асыру жұмыстары талқыланды. Облыс әкімдігі қабылдаған Қағида талаптары мен кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлардың тиімді жақтары жан-жақты түсіндірілді. Облыс тұрғындары үшін маңыздысы, сауда орындары басшыларымен өзара түсіністік жағдайында бірлескен шараларды атқару жөнінде нақты шешім қабылданды. Демек, алдағы уақытта барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы толық облыстық әкімдіктің бақылауында болады.
Айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» №256 қаулысы бекітілген болатын.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.