Өңірдегі бірден-бір электр қуатын өндіретін су электр стансасы пайдалануға берілген 1967 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Сағатына 100 Мвт электр қуатын өндіретін кәсіпорында қазіргі таңда жаңғырту жұмыстары аяқталу үстінде. Бүгінге дейін 2 агрегат жаңғыртылған болса, таяу күндерде 3-ші агрегат іске қосылмақ. Келесі жылдың ақпан айында 4-ші агрегат пайдалануға беріледі деп жоспралануда. Шетелдік компаниялардың озық технологиясы негізінде жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жұмыстары толық аяқталып шыққан кезде кәсіпорын қуаттылығы 126 Мвт-қа артпақ.
Су электр стансасындағы қарқынды жұмыстармен танысып шыққан қонақтар мұндағы тірліктерге жоғары баға берді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков акционерлік қоғам ұжымын аудандағы ардагерлер қауымымен бірлесе жұмыс істеуге шақырса, аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев әрбір шардаралық су электр стансасының қуаттылығын жатқа білулері үшін жастардың санасына күнделікті сіңдіріп отыру қажеттілігіне тоқталды. Аудандық мәслихат депутаттары Роза Жүнісқұлова, Полатбек Күмет, Қозыбақ Жанысбай, Исатай Әділхан, Ержан Қарабаев мектеп оқушыларын Шардара су электр стансасына саяхатқа шығарып отыруды ұсыныс ретінде жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы қыруар дүние атқарылып жатқанын іс жүзінде көргеннің жөні бөлек екенін атап өтіп, энергетиктердің жұмысына сәттілік тіледі. Кездесу соңында «Шардара су электр стансасы» АҚ-ының директоры Бахытбек Жаңабаев келушілерге алғыс айта отырып, кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына арнап шығарылған кітапты сыйға тартты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.