Бүгінде мұнда 27 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның өндірістік директоры Елдос Қабылбековтің айтуынша, мұнда өндірілген тұз еліміздің Қарағанды, Алматы облыстарымен қатар Шымкент, Тараз, Қапшағай қалаларынан да жөнелтіледі екен. Кәсіпорын 2015 жылы құрылыпты. Инвестициялық құны-210 млн теңге. Тұзды тазалап, сапалы өнім алу үшін сатып алынған құрал-жабдықтың бәрі Қытай елінен әкелініпті. Мұнда қажетті тұз кеніші Шолаққорған елдімекенінен 180 шақырым жерде орналасқан. Кәсіпорынның алдағы жоспары да ауқымды. Басшылық ендігі жылы зауыт қуаттылығын 40 мың тоннаға жеткізбек. Ол үшін арнайы жер телімі қарастырылып, іргетасы қаланып та жатыр.
"Біздің зауытта өндірілген тұз өте сапалы. Шикізат үш кезеңде тазаланудан өтеді. Арнайы қоспа ретінде иод та керекті мөлшерде қосылып отырады. Сол себепті біздің өнімге сұраныс көп. Алдағы бір-екі айда қондырғыларымызды жаңартып, жаңа қаоқынмен жұмыс істейтін боламыз",-дейді өндірістік директор Елдос Қабылбеков.