Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді.
Бұдан өзге, былтыр басқарма тарапынан 1089 азаматтың арыз-шағымдары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілген.
«Азаматтардың арыз-шағымдарының 36% - жалақы төлеу мерзімінің сақталмауына байланысты болса, 25% - еңбек шартын бұзу, 12% - еңбек демалысын уақытылы бермеу және 4% - жұмыс уақыты нормасын бұзу мәселесін көтерген. Өткен жылы мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 397 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 445 заң бұзушылық анықталып, оның 97,3%-ы жойылды. Қалғандарының орындау мерзімі бар», - деді Бегман Жамалбекұлы
Сонымен қатар, облыста шетелдік 22 ұйымда 7684 азамат жұмыс істейді. Оның ішінде ҚР азаматы – 7533, шетел азаматы – 151. Әлеуметтік дауларға жол бермеу мақсатында шетел қатысуымен құрылған кәсіпорындарда еңбек қатынастары бойынша заң және нормативтік актілердің сақталуы мен орындалуы басқарманың тұрақты бақылауында.