Жұма, 27 Наурыз 2020 18:25

Шымкент: Газ беру тоқтатылмайды

Шымкентте тұтынған табиғи газ үшін түбіртекте көрсетілген сомамен келіспейтін тұрғындар баршылық. Төтенше жағдайда үйлерінде отыра алмаған тұтынушылар «Төлемдерді айма-ай өтемесек, өсімпұл мен айыппұл қосылады» деген ой мазалап, олар газ шаруашылығы мекемесіне ат басын тіреген-ді. 

Мәселен, шаһар тұрғындарының бірі қаңтар айына 146 мың теңге төлем жасағанын айтады. Қолында түбіртегі де бар. Алайда наурыз айына қайтадан 207 мың теңгеге түбіртек келген. Тұтынушы бір тұтынған «көгілдір отынға» екі рет төлейтін ақымақ емеспін»,- дейді. Ал тағы бір тұрғын 21 наурыздан бері «ҚазТрансГазға» кіре алмай жүргенін айтады. «Алдында мереке деді, кейін карантинге жауып қойды. Үсті-үстіне жазуды қашан қояды. Төлемдерді қазір реттеп алмасақ, ертең өсімпұл дейді, одан қалса,«көгілдір отынды» өшіріп тастаса, не істейміз, - дейді жұртшылық.

Алмонополист мекеме өкілдері елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрғындарға газ беруді тоқтатылмайтынын айтты. Алайда өсімпұлға қатысты әлі шешім қабылданбағанын жеткізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 432 рет