Жартытөбе ауылдық округінің диқандары бүгін 22 тонна орамжапырақ, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдері тиелген керуенді Ресей Федерациясына жөнелтті. Бүгінгі таңға дейін көршілес ел дүкендерінің сөрелеріне 500 тоннаға жуық көкөніс өнімдері экспортталған. Күн сайын мұнда жүздеген килограмм өнім жиналуда. Аудан халқының қажеттілігінен артық өнімдер Республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, сонымен қатар алыс жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта экспорттау көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
Жыл басынан бері аудан көлемінде жоспарға сәйкес, 140 га жерге тамшылатып суару тәсілі ендірілді. 12 гектарға жылыжай көлемі ұлғайды.
Бір алқаптан 2-3 өнім алу жоспары 92 бірлік болса, жыл басынан жоспардың орындалуы 399 - бірлікке немесе 917,59 га орындалды. 2020 жылы жалпы астықтан 75,0 мың тонна, майлы дақылдан 2,05 мың тонна, картоптан 80,5 мың тонна, көкөністен 275,7 мың тонна, жеміс-жидектен 14,7 мың тонна және жүзімнен 9,6 мың тонна өнім жинау көзделуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.