Түркістандық шаруаларға бидай және жүгері өсірудің инновациялық технологиясы таныстырылды
Түркістанда ауылшаруашылығы мамандарының «Егінжай күні» атты облыстық семинар кеңесі өтті. Жиынға ауылшаруашылығы басқармасының басшылығы мен «Түркістан» ӘКК» АҚ өкілдері, аудан-қала ауыл шаруашылығы бөлімдері өкілдері мен ғалымдар, тауарөндірушілер қатысты.