Түркістан: Биыл Төлеби ауданында 65684 гектар жерге егін егіледі
Түркістан облысы Төлеби ауданында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Биылғы жоспарға сай ауданда егілетін егіс көлемі үйіргелік жерлерді қоса есептегенде 65684 гектарға жетіп отыр.
Түркістан облысы Төлеби ауданында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Биылғы жоспарға сай ауданда егілетін егіс көлемі үйіргелік жерлерді қоса есептегенде 65684 гектарға жетіп отыр.
Түркістан облысында «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу ісі қолға алынуда. Бұл жобаны «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржылық ұйымы қаржылындармақ. Осы мақсатта биыл 950 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, аталған бағдарлама бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ оператор болып бекітілген.
Түркістан облысы Төлеби ауданында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 28,838 шақырымды құрайтын 27 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биылғы жылы 42 көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Таяуда Өзбекстан Республикасы, Ургенч қаласында өткен "агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы" ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы кәсіпорындары арасында жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімге қол қойылды.
Түркістан облысында сыртқы сауда экспорты тоқтаған жоқ. Керісінше қолдау тауып, қарқынды жүзеге асырылуда. Негізгі шикізаттық емес экспортталатын тауарлар бұл - уран, ұн, трансформаторлар мен балық өнімдері және күркетауық еті.
Бүгінгі таңда қарқынды бау-бақша мен жеміс-жидек өсіру ісі ауыл шаруашылығындағы ең тиімді бағыттардың бірі саналады. Өйткені бұл жалпы өнділген өнім көлемін еселеп ұлғайтуға септігін тигізе алатын бағыт.
Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алуда. Тапшылық жоқ.
Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылған. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды.