Шымкент: «Birgemiz» қоры 21864 отбасыға көмек береді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр. Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қор жұмысының басты мақсаты – СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру. Бұл жөнінде Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлады.