Түркістан шетелдік компаниялардың инвестиция салуға деген қызығушылығын оятты

Осы аптаның жұмасында Түркістан қаласында «Көне Түркістан  – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форум өтті. Оған Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б.  мемлекеттерден 250-ден астам делегат келді. 

Түркістан облысы: Отырар ауданында мал бас артып келеді

Отырар ауданы әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде 2018 жылдың 8 айдың қорытындысымен аудан бюджетінің атқарылуы және 9 айда күтілетін болжам қаралып, талданды. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары және ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: Мақтааралда мал бордақылайтын 80-нен астам алаң бар

Мақтаарал ауданында жайылымдық жердің аз екендігі белгілі. Сондықтан да бұл өңірде малды бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатыр екен.  Бұл туралы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Түркістан облысы: Түлкібаста балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде

Түркістан облысы Түлкібас ауданында балық шаруашылығы қарқынды түрде дамып келе жатқандығы белгілі. Мұндағы шаруалар бұрын теңіздің ащы суында ғана өсетін бекірені тау бөктеріндегі бұлақ суына бейімдеген. Бүгінде мұнда бекіре, форель, ақ амур, карповый, сазан балықтары бар екенін айта кеткен жөн.

Астаналықтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Түркістан облысының шаруаларына алғыс айтты

Түркістан облысының тауарөндірушілері демалыс күндері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін өткізді. Екі күндік шара Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналғанын айта кетейік. Онда жалпы құны 201 млнтеңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Түркиялық компания Түркістан облысында 200 гектар аумаққа жылыжай салады

Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.  

Түркістан облысы: жетісайлық диқандар 3 мың тоннаға жуық жүзім жинады

Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын, қарбыз жинау науқаны аяқталуға жақын. Өңір диқандары жүзім теру жұмыстарына кірісіп кетті. Бүгінде Жетісай ауданында жалпы 650 гектар жүзімдік алқабы бар болса, оның 82,5 гектары ағымдағы жылы отырғызылған. Қазіргі таңда жетісайлық диқандар жүзім алқаптарынан 2832 тонна өнім жинап үлгерді. 

Түркістан облысы: ордабасылық шаруалар кооператив игілігін көріп жатыр

Ордабасы ауданының Төрткүл ауылдық округінде тағы бір ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. «Заңғар Агро» кооперативінің төрағасы Жұмабай Қасеннің мәлімдеуінше, оның 70 мүшесі бар. Иелігіндегі 707 гектар жерге болашақта мақта, көкөніс, жүгері мен жоңышқа егіп, пайдаға кенелмек.