Түркістан қаласында ашылатын сүт өңдеу зауыты үш облыстан сүт қабылдамақ

Түркістан қаласында салынып жатқан «Golden Camel» ЖШС сүт өңдеу зауытына үш облыстың шаруалары сүт өткізулеріне болады. Бірегей зауыт қызметі туралы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде баяндап берді.

Түркістандық жас кәсіпкер ерекше жобаны қолға алды

Түркістандық жас кәсіпкер Исламбек Жандар осыдан екі жыл бұрын Қытайдан автокөлікке қажетті бөлшектерді құрастыруды үйреніп, арнайы құрылғыны аспанасты елінен ала келіп қызығушылықпен іс бастаған. Содан бері кәсібі бір жүйеге түскен Исламбек бүгінде автокөлікке қажетті түрлі тазартқыштардың (фильтр) 280-нен астам түрін жасап шығарады. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Жетісайлық диқандардың еңбегі жемісті

Биыл Жетісай ауданында 77 мың 274,6 гектарға егіс егілген. Оның 3312,3 гектары ескі жоңышқалық саналады. Биыл жетісайлық шаруалар жоңышқалықтан гектарына орта есеппен 164,8 центнерден өнім алуда. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Арыс қаласына газ келетін күн жақын

Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінен Арыс қаласына дейін жоғарғы қысымды магистральды газ құбыры тартылғаны белгілі. Сейсенбіде осы құбырды Арыс қаласының негізгі газ құбырына қосу шарасына орай салтанатты жиын өтті.Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Шымкент: «Бозарық» шағын электр станциясының құрылысы қайта жанданды

Қаладағы “сақалды” құрылысқа айнала бастаған “Бозарық” шағын электр станциясы төңірегіндегі жұмыс қайта жанданатын болды. Шаһар бюджетінен 50 миллион теңге бөлініп, станцияның құрылысы жалғаспақшы. Егер ол аяқталса, “Астана-1” және “Астана-2” шағын электр станцияларын іске қосуға болады. Нәтижесінде тұтынушыларға берілетін жарықтың сапасы жақсарады. 

Шымкент: индустриялық аймаққа апарар жолдың төңірегі көріктендіріліп жатыр

Шаһар мегаполис атанып, республикалық мәртебеге ие болғалы, Шымкент көркіне көрік қосуда. Әсіресе, жергілікті билік абаттандыру, тазалық, көріктендіруге ерекше назар аударып жатыр. Жолдардың да сапасы арта бастаған.