Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында мақта кластерін дамыту жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Аталған жұмыстардың нәтижесі және алдағы жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту аса маңызды екенін жеткізді.

Түркістан: инвесторлар Сайрам ауданында жылына 20 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасын салмақ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Түркістан: Жетісай, Мақтаарал аудандарында 200 га жерге тұт ағашының көшетін отырғызбақ

Түркістан облысында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көшет егіп, жібек құртынан мата шығару ісіне машықтанған өзбекстандық кәсіпкерлермен кездесті. Олар Жетісай, Мақтаарал аудандарында 200 га жерге көшет отырғызбақ. Әр гектардан 50 тоннаға дейін жапырақ өндіріледі. Жапырағын жылына төрт рет жинақтауға болатын тұттың «Мархабат» сортын егуге кіріспек.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТЫП ОТЫР

Шымкентте 8 кәсіпорын сүтті қайта өңдеп, дайын өнімдерді шығарумен айналысады.

Тарқатып айтар болсақ, «Intermilk Kazakhstan» ЖШС, «Оңтүстік Agro LTD» ЖШС, «Golden Cheese» ЖШС, «Bio food kz» ЖШС, «Izmir trade» ЖШС, «Бәйтерек Агро» СПК, «Дони LTD» ЖШС және Нұрсұлтан ЖК жыл басынан бері 50 мың тонна сүттен 500 тонна сары май, 3000 тонна ірімшік өндірген. Бүгінде жоғарыда аты аталған өндіріс орындарына «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында көрсетілген қолдаудың нәтижесінде өнім өндіру қуаттылығы артып келеді.

Оңтүстік өңірін отандық қатты ірімшікпен қамтып отырған кәсіпорынның бірі – «Intermilk Kazakhstan». Аталған мекемеде қатты ірімшік өндірісіне жұмсалған шикізатқа кеткен шығынның әр келісі үшін 28 теңге, ал сары майға 18 теңге мемелекет тарапынан субсидия төленіп жатыр. Қаратау ауданындағы Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан өндіріс орны сол аумақтағы 25 адамды жұмыспен қамтыған. Цехта қазір күніне 15 тонна сүт қайта өңделіп, одан 1,5 тонна құрт, ірімшік, сарымай, қаймақ, сүзбе секілді өнімдер алынады.

Негізінен бұл кәсіпорынның іргетасы «Эм-Нур» ЖШС атауымен 2001 жылы қаланып, жылына 2000 мың тонна сүтті қайта өңдеп, ішкі нарықты қатты ірімшікпен қамтамасыз етіп отырған еді. Ал, 2022 жылы өндіріс орнын «Intermilk Kazakhstan» компаниясы сатып алып, заманауи жабдықтармен жарақтап, жаңа технология негізіндегі өнімдер шығарыла бастаған.

–Бүгінгі күні цехты Түркияның жаңа жабдықтарымен толықтырып жатырмыз. Толық қуатына енсе, күніне 25 тонна сүтті қайта өңдеуге мүмкіндік туады. Шикізатты, яғни сүтті осы маңдағы шаруа қожалықтар мен тұрғындардан сатып аламыз. Әкелінген сүт алдымен ветеринар-мамандар мен технологтар тарапынан зертханалық тексеруден өтеді. Өнімдеріміз қазір ішкі нарыққа шығарылып жатыр.

Өзбекстандық әріптестермен жүргізілген келісімдердің нәтижесінде 2024 жылдан бастап өнімдерімізді көрші елге экспорттаймыз, – деді компания директоры Бақтияр Қалмұратов.

 

Түркістан облысының әкімі мақташылармен кездесті

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Өңірде жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынады.

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоғары

Бұл бағыт ерекше назарда. Үстіміздегі жылы 79,3 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45,6 мың гектар мақта, 19,6 мың гектар бақша, 2,9 мың гектар көкөніс, 5 мың гектар дәндік жүгері және тағы басқа дақылдар егілді. 2023 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 15%-ға артып, 27,7 млрд. теңгені құрады. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция 2,8 млрд. теңгеге жетті.

Түркістан облысында күн электр станцияларының саны артатын болады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытайдың «Zhejiang Xingyu Electromechanical Technology» компаниясының басшылығын қабылдап, келіссөздер жүргізді. Облыс әкімі өңірдің экономикалық, өндірістік және логистикалық әлеуеті туралы баяндап, инвестиция салуға шақырды.

Созақ ауданында 6 айда өнеркәсіп көлемінің көрсеткіші 265 млрд. теңгені құрады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен тұрақты кездесуі Созақ ауданында жалғасты. Ел алдында есеп берген облыс басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, жеткен жетістіктер пен жасалған жұмыстың мән-жайымен тұрғындарды таныстырды. Сонымен қатар алға қойылған мақсат-міндеттермен бөлісіп, қолға алынатын жобаларға кеңінен тоқталып өтті. Халықпен кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Нұралы Әбішев, облыстағы барлық басқарма басшылары қатысты.