Түркістан: Кентау трансформатор зауыты жылына 12 мың дана өнім дайындайды
Кентау трансформатор зауытында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауытына барды. Өндіріс орнының басты ерекшелігі – өнімдерін заманауи қондырғылар негізінде жасап шығарады. Басқарма Төрағасы Бауыржан Худайбергеновтің айтуынша, зауыт жылына 12 000 дана өнім дайындайды.