Сенбі, 02 Наурыз 2024 11:02

Шымкент: білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелердің шешімі қарастырылды

Таяуда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапарымен келген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті. Келелі жиында қала аумағындағы білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы талқыланды.

Жыл басында министрлік жасақтаған арнайы топ қаладағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізген болатын. Мәжіліс барысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов зерделеу шаралары бойынша баяндама жасады. Бұл бағыттағы жұмыстар 136 жалпы орта білім беретін мектептің 68-не жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар олқылықтар анықталып, ескертпелер жасалды.

Ғабит Әбдімәжитұлы басқарма басшысына кемшіліктерді қалпына келтіруде, директорлар мен мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда, білім алушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар жиында «Шымкент қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасының» орындалуы пысықталды. Қазір қала аумағындағы білім беру нысандарында 400 мыңнан астам оқушы, студент білім алуда. Жоба аясында соңғы 3 жылда қаламызда 81 білім ғимараты пайдалануға беріліп, апатты және үш ауысымды мектеп мәселелері толығымен шешімін тапты.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 202 рет