Жұма, 03 Мамыр 2024 13:46

ШЫМКЕНТТЕ «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Шымкентте «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында қала жастары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барды. 

Қарттар үйі. Атауы қатал болғанымен, мұнда ата – әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға толы. Бұл — қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын.

Сондықтан оларға көрсетілер құрмет те ерекше болуы керек.

Өйткені, «Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ. Сондықтан қай уақытта болмасын үлкендерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық көрсету – дәстүрлі үрдіс, ата – бабадан жалғасып келе жатқан салтымыз.

Бүгінгі «Өнегелі ұрпақ» аталығында «Қазыналы қария – ақылы теңіз дария» атауымен іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тазалау жұмыстарын жүргізу, демеушілердің есебінен қайырымдылық көмектер көрсету жұмыстары атқарылда.

Аталған іс-шараға қала жастарымен бірге қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер және басқа да жанашыр азаматтар қатысты.

Айта кету керек, «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында мүмкіндігінше қаладағы көмекке мұқтаж қарттардың барлығын қамту қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

Оқылды 59 рет