Жексенбі, 03 Наурыз 2024 13:13

Ордабасы ауданы: «Даналық мектебінің» жұмысы көрсетілді

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты "Ордабасы" жалпы білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында және "Даналық мектебі" жұмысын жандандыру мақсатында «Біртұтас тәрбие: Ата-ана құзіреттілігі - бала болашағы» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар болып өтті.

Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Мұратбек Ұлтусын Құлбекқызы, Досқара Гүлраушан Мақұлқызы және мектеп директоры Аташ Ағайбек Ортайұлы ашып берді.

«Ордабасы тарихи мәдени қорығының» бас қор сақтаушысы Касимов Бақытбек Батыржанұлы «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы» жанындағы көшпелі музей жәдігерлерімен таныстырды. Арнайы ұйымдастырылған сабақтарға ата аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебі" клубының жетекшілері мен мүшелері, ата аналар комитетінің төрағалары мүшелері, ауыл биі, «Әкелер мектебінің» төрағасы, жалпы мектептің ата аналары қатысты. Ата аналарға арналған «Бақытыңызды балаңыздан іздеңіз» тақырыбындағы танымдық сабақ, «Ұлым- ізгі арманым, қызым-қызғалдағым», «Қазіргі қазақ балаларын тәрбиелеудің өзекті мәселелері», «Қыздар сұлу көрінер қылығы мен!», «Отбасы-сарқылмас қазына», «Жақсыдан қашпа,жаманға баспа», «Толағай» отбасылық сайысы өткізіліп, «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

Семинар соңында келген қонақтар өтілген сабақтарға өз пікірлерін айта келіп, ұйымдастырған ұжымға ризашылықтарын жеткізді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 401 рет