Шебер-сыныптың мақсаттары мен міндеттерін бөлімнің математика пәні әдіскері М.Ибраева таныстырып, педагогтарға сәттілік тіледі. Шара барысында аталған мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімдері Урунбаева Мухайё Мамматкаримовна «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында, Жанбаева Айдана Өмірханқызы «Мектептегі әдістемелік жұмысты іске асырудың тәжірибелік негіздері (аналитикалық талдау) тәжірибе алмасу» тақырыбында әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Бағалау критерийлері негізінде оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпараттар алу, оқу үдерісін әрі қарай жетілдіру үшін мүдделі барлық қатысушыларға ұсыну, оқыту тәжірибесін жетілдіру, мектеп педагогінің аналитикалық құзыреттілігін дамытуды мақсат еткен шебер-сыныпқа қатысқан жас мамандар түрлі әдіс-тәсілдермен алмасып, аналитикалық талдаудың білім саласында қолдана алуды үйренгендерін айтып, алғыстарын білдірді.
Мұғалім қай уақытта да заман ағымына қарай әрдайым жаңа әдістерге бейім болуы шарт. Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы, нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт. Осы орайда әр ұстазға әрі жауапты, әрі ауыр жүк артылары сөзсіз.Қазіргі білім саласындағы талап та оқушылардың білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне қандай уақыт қолайлы екендігін балалармен жәнеата-аналарымен кеңесе отырып тиімді әдістемелік заманауи әдіс-тәсілдерді қарастырамыз. Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Директордың ғылыми – әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегі инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжрибелер мен жетекші идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудің жаңалығы іске асып қана қоймайды, тағы бір дүниеге келіп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретін жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрі директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету н ысаны болып табылады.
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр. Мектеп директорынан өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болу талап етіледі.
Көшбасшылық – бұл мектеп директоры барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ ұстаным қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті үдеріс. Көшбасшылық дегеніміз - жеке әлеуметтік қозғаушы күш емес, көзге көріне қоймайтын бағыттар мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас
Еліміздегі білім беру саласында қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл мақсаттағы жұмыстарымызды анықтап алу үшін қазіргі жағдайымызға талдау жасауымыз қажет. Мектеп жағдайы туралы бастапқы деректер жинау, мектептің мықты жақтары мен дамытуға болатын салалары туралы білу мақсатында мектеп ата-аналары, оқушылары және педагогтар арасында сауалнамалар жүргізілді. Мектеп ата-аналарына арналған сауалнаманың мақсаты баланың мектептегі көңіл күйін, жетістіктерін, қаншалықты көмек көрсетілетіндігін, тәрбие беру сапасы,қажетті ақпараттарды алу мүмкіндіктерін анықтау және мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу алдында ата-аналардың пікірлерін білу.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының оқыту мен оқудағы халықаралық зерттеуі мұғалімдер мен мектеп басшыларына білім беруді талдап,осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – бұл мектептің қандай екендігін көрсететін, болашаққа бағдар жасай отырып, түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында шешімдер қабылдап, оны іске асыруға арналған іс-әрекеттер жоспары. Мектепті дамыту жоспары –ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтайтын құжат.
Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары сауалнамалар қорытындысында анықталған басты проблемаларды шешуге, берілген ұсыныстарды іске асыруға бағытталған. Олар: .
1) Мектептің даму жоспарын жасау кезінде оқушылардың және ата-аналар- дың пікірін ескеру.
2) Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық ұйымдармен байланысты күшейту.
3) Озық тәжірибелерді енгізу мақсатында жүйелі жұмыстану.
4) Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау жүргізуге бағыттау.
5) Мұғалімдердің бірлесіп, ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстарын жетілдіру.
6) Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай жұмыстарға тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу.
Жоғарыдағы басымдықтарды шешудің тағы бір жолы мектепте сабақты жоспарлау үдерісіне көп көңіл бөлу. Бұл негізде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдермен ОМЖ, ҚМЖ жасақтаудың үдерісін қалыптастырып, әдістеме жетекшілерімен біріге отырып, мұғалімдерді сабақты жаңаша жоспарлауды жетілдіру мақсатында кеңестер беріліп, тәлімгерлік көрсетіледі. Сабақ үдерісінде оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін жетілдіру әдіс-тәсілдері арқылы, табыс критерілеріне негізделген білім сапасына қол жеткізу көзделіп, мұғалімдер оқыту мен оқудың жеті модулін меңгеріп, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану шеберлігі қалыптасып, критериалдық бағалау, формативті бағалауды игерді және оқушылардың сыни ойлау қабілетін жетілдіреді.
Келесі басымдық бұл ата - аналар мен оқушылардың, мұғалімдердің ой-пікірі бағалаудың әділ, нақты жаңа түрлерін енгізуді талап етіп отыр. Сондықтан, өзін өзі басқаруды жетілдіру мақсатында коучингтер ұйымдастырып, сыныпты басқару, оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын оңтайлы шешуде «мектеп - ата-ана - оқушы» арасындағы бірлескен ынтымақтастық ортаның жұмысын жетілдіру нәтижесінде мектептегі оқушыларға қатысты проблемаларды оңтайлы шешуде оқушы мен ата-ананың пікірі үнемі ескеріледі, ата-аналар мен оқушыларға деген сенімді қарым- қатынас орнап, ынтымақтастықтағы тиімді іс-әрекеттер жүзеге асады.
Барлық басымдықты оңтайлы шешудегі ең үлкен жұмыстың бірі желілік қоғамдастық жұмысын жолға қою, бұл бағытта қала мектептерімен бірлескен жоспар құрылып, сонымен қатар интернет желісі арқылы тәжірибе алмасу, пікірлесу, ортақ проблеманы шешу жұмыстары жоспарланады.
Басқару қызметіне бағдарламалық - мақсаттық жоспарлау енгізу-білім беруді жетілдіруді ұйымдастыруда маңызды құралдарын бірі. Жасалған әдістемелік ұсыныстар жұмысты бір алгоритммен жүргізуді мақсат етіп қоймайды, өйткені бұл сапалы жұмысқа кедергі келтіріп, педагогтердің тандауын шектеуі мүмкін. Ең бастысы, барлығына бірдей келе бермейді: өйткені әр мектептің әр түрлі дәстүрлері, түрлі педагогикалық, әдістемелік тәсілдері және материалдық, кадрлық мүмкіндіктер бар.
Мектеп басшылары мен мұғалімдері өздерінде бар мүмкіндікті қолдана отырып, өзіне ең тиісті ыңғайлы нұсқасын алуға және әрі қарай дамуына жәрдемдесу, таныстыру басты мақсат болып табылады. Ізденістерге практиктердің түрлі көзқарастары болса да, жаңаша жұмысты бастамас бұрын, «Кімге және не үшін, ақыр аяғында, бұл қажет болады ма?» атты сауалдарға жауап табу керек. Баланың қандай болмағы педагогтерге тікелей байланысты. Сондықтан осы жолды бала тәрбиесі іс-әрекетінің мақсаты мен мәнінен бастау алатын негізгі нүкте деп жүріп өту қажет. Және педагог жұмысы тиімділігін өлшеу шамасы баланың даму өлшемі болса керек.
Білім беру жүйесін жаңғырту бүгінде қоғамның инновациялық даму әлеуеті, азаматтардың болашақ әл-ауқатының және ел қауіпсіздігінің кепілі ретінде қарастырылады. Бұл заңды, өйткені білім берудегі өзгерістер көп жағдайда қазіргі әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси процестердің қарқынды қозғалысын қамтамасыз етеді. Біліктілікті арттыру мұғалімге ескірген көзқарастардан арылуға көмектеседі, оны сыртқы өзгерістерге бейім етеді, бұл сайып келгенде оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс педагогтің кәсіби дамуын ынталандырады, оның өзін-өзі жүзеге асыруына, кәсіби проблемаларды шешуге ықпал етеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру жүйесіндегі табысты жұмыстың кепілі – бұл әкімшіліктің мұғалімдермен тығыз байланысы, олардың шығармашылық мүмкіндіктері, адами қасиеттері, мүдделері, ұмтылыстары, кәсіби қиындықтары туралы хабарлар болуы. Мұғалім үнемі тәжірибе мен теорияның арасында, өз тәжірибесін көбінесе практикалық іскерлікпен арттырады. Білім беруді ізгілендіруге, оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, оның құндылығы мен қазіргі қоғам үшін қажеттілігін мойындауға бағыттай отырып, біз, ең алдымен, оның мұғалімнің жеке тұлғасымен қалыптасатынын есте сақтауымыз керек.
Әдістемелік жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: мектеп педагогтерінің әдістемелік қиындықтарын диагностикалау және оларға уақытылы көмек көрсету; кәсіби шеберліктің түрлі деңгейіндегі педагогтерге кеңес беру және түзету жұмыстары; педагогтердің сұранысы бойынша семинарлар ұйымдастыру; мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату; кәсіби шеберлікті арттыру, әріптестерінің тәжірибесін көпшілікке тарату, оқушылардың жағымды уәждемесін арттыру және олардың креативтілігін дамыту мақсатында пәндік онкүндіктерді ұйымдастыру және өткізу; жас педагогтермен жұмысты ұйымдастыру; білім беру жүйесін жаңғыртудың қажетті шарты ретінде педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру.
Негізгі міндеттері: оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны жаңарту; сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру; оқытудың әдіс – формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру; ғылыми зерттеулер жүргізу; озат тәжірибені жинақтау, тарату; ғылым жетістіктерін практикаға ендіру. Педагогтердің белсенділігі, олардың өз қызметін жетілдіруге деген қызығушылығы, оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды қолдануы, оқушының нәтижесіне кәсіби қызығушылығы мектептің оқу-тәрбие жүйесінің одан әрі дамуының кепілі болып табылады.
Әдістемелік қызметтің рөлі үлкен жауапкершіліктен тұрады. Мұғалім, ол үздіксіз дамуды қажет ететін мамандық.Осы әдістемелік көмек арқылы тәжірибе алмасып дамып отырамыз. Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру арқылы түрлі әдістерді меңгерту ұстаздарға. Әдістемелік бірлестік рөлі, білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді.Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:«педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді. Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу.
«Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсатүйрете жүріп, үйрену. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыуәдістемесін өзгертеді. Мәселен, қазақ тілі пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады. Оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттеріндамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Заманауи әдістемелік қызметті ұйымдастыруда мұғалімге алғашқы көмек, сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. Сондай қызығушылықты арттыратын әдістердің бірі -оқытуды саралай отырып, келесі аспектілерді қамтамасыз ету маңызды:
1) Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру.
2) Оқушыларды осы ерекшеліктеріне қарай топтастыру.
3) Топтағы оқу үдерісінің вариативтілігі.
Қорыта келе айтарымыз, оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүріп, түрлі әдістер арқылы оқушының қызығушылығын арттыру педагогтардың мақсатына айналуы тиіс.Әдіскер әрі үйретуші, әрі үйлестіруші менеджер болуы қажет. Менеджер – бұл педагогтармен жұмыс істейтін жетекші. Әдіскердің әрбір педагогпен жұмыс істеуі арқылы оқу орындарындағы әдістемелік жұмысқа қатысты проблемалар өз шешімін табады. Білім, тәрбие және тұлғаны дамыту сапасы – бұл проблема емес. Бұл барлық проблемаларды шешу нәтижесі.