Семинар барысында Н.Молдабекова 8 «Д» сыныбында «Әдептілік-тәрбие бастауы» тақырыбында тәрбие сағатын, КПИ мұғалімі А.Нұрсейітова кабинет оқушыларымен «Үй және жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі» тақырыбында, педагог-ассистенттері М.Айтқұлова мен Н.Мотай жеке сабақ оқитын оқушыларымен «Математика және суреттік мәтінмен жұмыс», «Әріптерді ажырату, суретке қарап сөйлем құрастыру» тақырыптарында, дефектолог Н.Паримбекова жеке оқитын оқушысымен «Қызықты логика әлемі» тақырыбында, логопед маман Ж.Ергеш жеке сабақ оқитын оқушысымен «Сиқырлы орман жануарлары. С әріптерін буында, сөздерді машықтандыру» тақырыбында сабақтарын ұсынды. Сонымен қатар, мектеп файесінде ұстаздар мен оқушылардың өз қолдарымен жасалған «Ұлттық құндылық - жан азығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Әрбір өтілген сабаққа қатысқан кабинет меңгерушілері, психолог, логопед-дефектологтар өз бағаларын беріп, қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Серікбай өз ойымен бөлісті. Педагогтар сабақ барысында жаңа технологияларды жетік пайдаланғандығын, тәрбие саласындағы жұмыстың өте жоғары дәрежеде екендігін, оқушылармен жұмыс барысы дамығандығын айтып өтті. Семинардың жоғарғы деңгейде өтілгендігін, оқушылардың сөз мәнері, сөзді анықтап айтуы, оқушылардың сабаққа деген құлшынысы байқалғандығын, артикуляциялық жаттығулар арқылы оқушыны сабаққа дайындағандығын тілге тиек етті.
Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты – даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту, білім беру.
Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиіс. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әлемдік педагогикалық қауымдастық үшін 1994 жылы Испанияның Саламан қаласында ЮНЕСКО ұйымдастырумен өткізілген ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру бойынша Бүкіләлемдік конференция айқын оқиға болды. Педагогикаға «инклюзивті білім беру» термині енгізілді, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері жарияланды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру маңызды саланың қалыптасуы, көп жағдайда әрбір нақты елдің дәстүрлері мен деңгейіне тәуелді болады. Инклюзивті тұғыр балалардың алуан түрлі білім алу қажеттіліктерін түсінуді және осы қажеттіліктерге сәйкес, балаларды білім беру үдерісіне аса толық қатыстыру, қоғамдастықты баулу, білім берудегі дискриминация мен сегрегацияны жою арқылы қызмет ұсынуды қамтиды. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету. Оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
Әрбір адам қарым – қатынасқа құқылы.
Барлық адам бір – біріне қажет.
Білім шынайы қарым – қатынас шеңберінде жүзеге асады.
Барлық адамдар құрбы – құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
Жан – жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны үш түрлі бағдарлама бойынша жүргізіледі:
- жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары
- мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары
- мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы
Осы тұста балаларды оқытудың келесідей түрлерін ажыратуға болады:
Үйде оқыту
Стационар
Кері инклюзиядан түзеу балабақшасында оқыту
Коррекциялық балабақшада оқыту
Ішінара инклюзия
Толық инклюзия
Бүкіл елде кең тараған инклюзивті білім берудің өз артықшылығымен қоса кемшілігі де бар. Инклюзивті білім берудің бірқатар кемшіліктері:
Оқу құрамы тарапынан оқушының білімін объктивті бағалау ( көбінесе оны асыра бағалау) әрдайым бола бермейді, өйткені оның денсаулығына байланысты оған мейірімділік танытады;
Білім берудің инклюзивті түріне мұқтаж азаматтар үшін жеткілікті ақпарат көлемінің болмауы;
Білім берудің инклюзивті нысанын қажет ететін адамдарды қолдау үшін тиісті білімі бар білікті кадрлардың (тәлімгерлер, мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар) болмауы;
Инклюзивті білім берудің тәсілдерін меңгеру отбасы үшін де пайдалы. Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл – ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі.
ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке – дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым – қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайы мен физиологиялық жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
Инклюзивті білім беру барысы- қазіргі таңда жалпы білім беретін сыныптардағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен арнайы сыныптар, арнайы білім беру орындары, арнайы мектепке дейінгі білім беру орындарының оқу әрекетіне енгізіліп отыр.
Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50% психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар және аутизм, жүйке жүйесі бұзылған, ақыл ой белсенділігі төмен балалар құрайды. Психикалық даму тежелісі (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Мұдай балалар мектепте және үй жағдайында ерекше қадағалауды қажет етеді. Бұл балалармен жұмыс істеу арнайы біліммен қатар бұл балалармен жұмыс істеудің нақты жолдарын білуді, оларды танып білумен қатар, оларға арнайы түзеу жұмыстарын ұйымдастырып, мұғалімге және ата-анаға бағыт-бағдар бере білу керек.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері- жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін балаларды дені сау балалармен бірге оқыту;
-барлық балаға бірдей қарым-қатынас;
Балалар арасында дискриминация болдырмау;
-арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
-Балаларды психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау
-Қоғамның көзқарасын өзгерту
-Өз қатарластарымен тіл табыса білуге үйрету
-Толық білім алуды ұйымдастыру
-Қоршаған ортаға бейімдеу
-Дені сау балалармен тең дәржеде ұстау
-Өз өзіне сенімін арттыру
-Кедергісіз аймақ
Алғашында арнайы мамандар жеткіліксіз болып, жаңа білімнің қыр-сырын ұғыну, түсіну қиын болғанымен, қазіргі таңда арнайы мамандар-логопед, дефектолог, олигофренопедагог, әлеуметтік педагог, психолог мамандар қайта даярлаудан өтіп, сонымен бірге пән мұғаклімдері қайта даярлау курстарынан өтіп инклюзивтік білім беру бойынша жұмыстанып келеді. Қазіргі таңда әр маман өз жұмысының қыр-сырын біледі, жұмыстана алады деп үлкен сеніммен айта аламын.
Түзете-дамыта оқытудың мақсаты:
Балаларды оқып, жазып, санап үйрету
оқу іс-әрекетінің негізгі біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетін дамыту, жеке гигиена мен салауатты өмір негіздерін үйрету;
- тиімді әдіс-тәсілдерде қолдана отырып, оқушылардың психологиялық сауығуына ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әртүрлі қиыншылықтарды түзеу;
- балалардың танымы мен белсенділігін, зияткерлік қабілеттерін, өз бетімен білім алу дағдыларына жағдай жасау;
- ата-аналармен, мұғалімдермен, әлеуметтік жұмыскерлермен байланыс жасау;
- мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қазіргі экономикалық жағдайында өз орнын таба алуына жағдай жасау.
Түзете –дамыта оқытудың міндеттері:
Оқушының психикалық, тұлғалық дамуындағы ауытқуды болдырмау,
-жеке тұлға қалыптастыру, оқу дағдысы мен біліктілігін дамыту;
-педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балаларға коррекциялық түзету сабақтарын, танымдық өрісінің дамуына бағытталған жеке сабақтар жүргізу;
ПМПК-мамандарымен, дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог мамандармен бірлесе отырып жұмыстану арқылы түзеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру;
жеке, топтық сабақтар нысанында түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (немесе оларды аустыратын тұлғаларға) ақыл-кеңестер беру, оқыту;
оқушының психикалық дамуында кездесетін сәтсіздіктердің алдын алу, диагностика бойынша алдын-ала болжау;
сөйлеу, интеллект, көру, есту және есте сақтау қабілеті, тірек қозғалыстары аппараты, эмоциялық еріктік саласы бұзылған, оқуда немесе қарым-қатынас жасауда, мінез-құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында”-деп бекерге айтылмаған сыңайлы. Олай болса қазірге таңда білім саласындағы әр ұстаздың мойнына артылған жүк ауыр. Ұстаз бір ғана шәкірттің білімі мен тәлім-тәрбиесіне ғана жауапты болып қана қоймай, елдің ертеңін, болашағын өз мойнына алардай жауапкершілік танытуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1.1 тарауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға жетуді болжайды: - инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды; - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырудың жоғары нормативі қарастырылған, оларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылған.
Оқушының оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесіне қарай бір немесе бірнеше білім беру қажеттілігі анықталуы мүмкін. Оқушылардың ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген кезеңінде пайда болады. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау –оқу процесі барысында оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу. Оқу процесі барысында қиындықтары бар балаларды анықтау және олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау екі деңгейде жүзеге асырылады.
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі. Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды.Оның міндеті – өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады (жекелік тәсіл). Мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері: - оқытудың вариативтік арнайы әдістерін қолдану; - сабақта жеке оқу материалдарын қолдану; -оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту; -бақылау материалдарын өзгерту; -сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу.
Егер оқушыда мұғалімнің жекелік көмегіне қарамастан бір немесе бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек сұрап, 7- форманы толтырады. Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі. Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау туралы мұғаліммен бірге хабардар етеді. Балалардың мамандардың көмегіне қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет 6- форманы толтырады. Әрбір маман арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оқушының оқу қиындықтарын тудыратын даму ерекшеліктері мен себептерін анықтау мақсатында тереңдетілген тексеру жүргізеді.Тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен бірге күшті жақтарын көрсетіп, оқушының табысты болу ресурстарын да анықтайды. Тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен бірге күшті жақтарын көрсетіп, оқушының табысты болу ресурстарын да анықтайды.
Тексеру нәтижелері бойынша маман мыналарды белгілейді: - оқушының қысқартылған оқу бағдарламасына мұқтаждығын; - қандай мамандар оқушыға қиындықтарды еңсеруге көмектесе алады (психолог, логопед, арнайы педагог); - оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері ең тиімді болады; - оқушының оқу орнын қалай бейімдеу керек. Психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған оқыту қиындықтарының себептері негізінде мұғалім мен психологиялықпедагогикалық қолдау мамандары жүргізетін жекелік оқу бағдарламасының мазмұны белгіленеді. Мамандар көмегінің бағыты мұғалімнің сабақтағы жекелік тәсілінің және балаға ата-аналары көрсететін көмегінің мазмұнына сәйкес келісіледі. Мамандар көмегі жекелік және топтық сабақтарда іске асырылады. Мұғалім мен мамандардың көмегі қысқартылған оқу бағдарламасын табысты меңгеруге ықпал жасамаған жағдайда (1-3 оқу тоқсандар ішінде),қолдау қызметі оқушының ата-анасы ПМПК-не ұсынымдар алу үшін жіберіледі (ата-анасының келісімімен). Бөлектенген жағдайда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының тексеру нәтижелерін сараптағаннан кейін ПМПК ұсынымдарын алу жөнінде шешім қабылданады. Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің үшінші деңгейі. Оқушының қажеттіліктерін бағалауды психологиялық-медициналықпедагогикалық кеңес мамандары жүргізеді. Бағалау нәтижелері бойынша ПМПК оқушыға арнайы педагогтың, ассистент-педагогтың көмегін, білім алудың варианттарын ұсынуы мүмкін: тұрғылықты жеріндегі жалпы білім беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте.
ҚР «Білім туралы» Заңының 49 бабына сәйкес білім беру ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға беріледі. Ата-аналар тұрғылықты жердегі мектепті таңдаған кезде, мектеп оқушыға мұғалімнің және қолдау көрсету мамандарының көмегін ПМПК ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс. Маңызды жалпылама ақпарат
1.Оқушылардың ерекше білім беру қажеттілігін бағалау мектеппен (мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметімен), сондай-ақ психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен жүзеге асырылады. Жалпы немесе арнайы сыныпта ақыл-ойы кем балаларға арналған жеке немесе арнайы бағдарлама бойынша (МЖМБС-ға бағдарланбаған) баланы оқыту туралы шешімді ПМПК-дің кешенді тексеру негізінде ғана қабылдайды.
2. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі және / неме- 25 се мектеп Кеңесі қажет болған жағдайда дербес (ПМПК ұсынымынсыз) жалпы білім беру бағдарламаларын қысқарту (бейімдеу), психолог, логопед, педагог-ассистент қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдай алады, бірақ тек белгілі бір кезеңге – бір-үш оқу тоқсанынан аспайтын. Егер балаға оқу бағдарламасын меңгеруде мұндай көмек көрсету жеткіліксіз болса, онда ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін баланы ПМПК-ге бағыттау қажет.
3. Баланың мектептегі оқу үлгерімі мен мінез-құлық нәтижелері негізінде қандай да бір маманның қызметіне мұқтаж еместігі туралы шешімді қолдау көрсету қызметі және/немесе мектеп Кеңесі қабылдайды.
4. ПМПК-дің ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ұсыныстары бастауыш мектепте (бірінші және төртінші сыныптарда) оқу уақытында кемінде екі рет жаңартылуы тиіс. Мектеп қолдау көрсету қызметінің және/немесе мектеп кеңесінің шешімі бойынша қажеттілік туындаған жағдайда баланың ЕБҚ-н бағалау мен ұсыныстар алу үшін ПМПК-ге жібере алады.
5. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тек ата-аналардың келісімімен ӘПКК-нің мамандарымен жүргізіледі. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім берудін мазмұны: Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
* жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары:
* мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы.
Қазіргі уақытта мен инклюзивті оқушылармн жұмыс жасаймын. Сол сыныппен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін түсіндім. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.